Мәдениет және ақпарат саласын жаңарту 7 бағытта жүзеге асады

5
948

 

АСТАНА. 4 ақпан. BAQ.kz – Қазақстанның мәдениет және ақпарат саласын жаңғырту алдағы уақытта 7 негізгі бағыт бойынша жүзеге асатын болады. Бұл туралы бүгін Мәдениет және ақпарат министрлігінің басшысы Мұхтар Құл-Мұхаммед ведомствоның кеңейтілген алқа мәжілісінде мәлімдеді.

Мәдениет және ақпарат министрі өз сөзінде, қазақстандықтарды мәдени игіліктермен толық қамтамасыз ету, қауіпсіздік деңгейін арттыру, жалпықазақстандық ынтымақтастық пен бірлікті әрі қарай нығайта түсу үшін мәдениет пен ақпарат саласын жаңарту қажет екенін атап көрсетті.
«Біріншіден, Елбасының тапсырмасы бойынша әзірленіп жатқан Әлеуметтік жаңарту жөніндегі жалпыұлттық тұжырымдама мен Әлеуметтік жаңарту жөніндегі 2016 жылға дейінгі жоспардың аясында ортамерзімдік кезеңдегі стратегиялық жоспарлауды жетілдіру ісі жаңартудың басымдықты міндетіне айналуы тиіс. Біздің маңызды міндетіміз экономиканың нақты секторын мен мәдениет саласындағы еңбекақы айырмашылығын біртіндеп еңсеру болып табылады», -деді министр.
Ведомство басшысы сондай-ақ, мәдениет саласының минимальдық стандарттар мен нормативтерге аса мұқтаж екенін айтты. Ең алдымен, мәдениет ұйымдарының минимальдық желілік нормативтері және типтік штаттары керек.
Үшіншіден, аумақтарды, моноқалаларды дамыту, агломерация бағдарламалары, дағдарысқа қарсы бағдарламалар мен жол карталары бойынша инфрақұрылымдық проблемаларды шешу ісі маңызды бағыт болуы тиіс.
Естеріңізге сала кетейік, 2008 – 2010 жылдары Жұмыспен қамтудың жол картасы аясында елімізде 300 астам мәдениет нысаны жөндеуден өткізілді. Жаңадан жасалып жатқан Жол картасына өңірлердегі мәдениет нысандарын жөндеу жұмыстары тағы кіргізілмек.
«Төртінші міндет – саладағы бюджет қаражатын басқарудың тиімділігін арттыра отырып, мәдениет саласын қаржыландыруды жетілдіру», деп тоқталды ведомство басшысы.
Тағы бір маңызды бағыт – шығармашылық қызметті, инновациялық мәдени және ағартушылық қызметті жан-жақты қолдау, оның ішінде шығармашылық одақтармен, үкіметтік емес ұйымдармен, зиялы қауым өкілдерімен бірлескен жобалар мен бағдарламаларды қолдау болмақ.
«Алтыншы басымдық – заманауи ақпараттық телекоммуникациялар мен медиялық технологияларды енгізе отырып, саланы, мекемелерді, қызметтер мен технологияларды жаңарту», деді Мұхтар Құл-Мұхаммед.
Және, жетінші бағыт – саланың кадрлық резервін, оның ішінде мәдениет саласындағы менеджерлер, мәдениет мекемелерінің басшылары, шығармашылық кәсіп қызметкерлерінің жаңа типтегі кадрларын даярлау және қайта даярлау болмақ, деп түйіндеді өз сөзін Мәдениет және ақпарат министрі.

5 ПІКІРЛЕР

  1. жедел сауал Кулмухаммед мырза дұрыстап қой мысалы оқушы дейміз осы оқушының оқулығына неге Қазақстан құрамын енгізбейміз табиғат табиғат деп жатамыз неге жанашыр сақшыларды енгібейміз,оны қойып жаратушы дегеннің қандай екенін көргенба өздері .Сосын Қазақстанда дене қызығы стероидтарды неге жарнамаламаймыз.Мен осы ақпарат министрлігін сотқа берем,неге Қырғызстанда т.б мемлекеттерде осының жарнамасы толып жүр .

  2. «мәдениет саласындағы менеджерлер, мәдениет мекемелерінің басшылары, шығармашылық кәсіп қызметкерлерінің жаңа типтегі кадрларын даярлау және қайта даярлау» Бірінші кезекте Керекудегі, өзара әрқашан тек орыс тілінде араласатын, келгендердің қазақша жауап беруін талап етсе осқырына қарап, жағдай жасамай отырған мәдениет басқармасын тарату, және қайтадан адамдұрысты, осы мемлекетке, осы тілде қызмет атқаратын қызметкелерді қоюйыңызды өтінемін ардақты Мұхтар мырза!

Пікір жазу

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз