Абай мұрасын насихаттаған шетелдік қаламгерлер «Достық» орденімен марапатталды

0
339

ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан Республикасының мемлекеттік наградаларымен наградтау туралы Жарлыққа қол қойды, деп хабарлады Ақорда.

***

Қазақстан Республикасының мемлекеттік наградаларымен наградтау туралы ҚАУЛЫ ЕТЕМІН:

1. Мемлекеттер арасындағы достық қарым-қатынасты нығайтуға қосқан елеулі үлесі, Абай Құнанбайұлының мұрасын насихаттауда сіңірген еңбегі үшін наградталсын: II дәрежелі «Достық» орденімен

Америко Эдельсио – Флуминенсе федералдық университеті шет тілдері орталығының оқытушысы, Бразилия Федеративтік Республикасы Ганем Халед Ас-Саид – Уақыптар министрлігінің департамент директоры, Мысыр Араб Республикасы Кибар Зафер – жазушы, Түркия Республикасы Кошут Леонард – әдеби редактор, Германия Федеративтік Республикасы Манн Джейн – Кембридж университеті баспасы департаментінің басқарушы директоры, Ұлыбритания және Солтүстік Ирландия Біріккен Корольдігі Мәжит Ақбар – жазушы, Қытай Халық Республикасы Пряхин Георгий Владимирович – Орыс әдебиеті академиясының вице-президенті, Ресей Федерациясы Пуиг Мария Санчес – Мадридтегі «Комплутенсе» университетінің профессоры, Испания Корольдігі Хачатрян Шушан – Мемлекеттік басқару академиясының оқытушысы, Армения Республикасы Хуанчжан Ха – аудармашылар қауымдастығының аға аудармашысы, Қытай Халық Республикасы Шатқам Қажымұхамет – жазушы, Иран Ислам Республикасы.

2. Осы Жарлық қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

Қазақстан Республикасының Президенті

Қ.Тоқаев

Нұр-Сұлтан, Ақорда,

2020 жылғы 4 тамыз

№ 379

 

Пікір жазу

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз