Бір аптада КВИ белгісі бар пневмониядан 120 адам қайтыс болған

Денсаулық сақтау министрлігі коронавирус инфекциясының белгілері бар пневмония ауруының статистикасын жариялады, деп хабарлайды zakon.kz.

Сонымен өткен тәулікте - 6 тамызда, коронавирустық инфекция белгілері бар пневмонияның 1 424 жаңа жағдайы тіркелді және одан 18 адам қайтыс болды, деп хабарлайды ведомствадағылар.

Айта кетелік, 1 тамыздан бастап коронавирустық инфекция белгілері бар пневмонияның жалпы 11 008 жағдайы және 120 кісі өлімі тіркелді.