Ақтау қаласы мен Мұнайлы ауданын сел басты
2020 ж. 07 тамыз
1667
0

Маңғыстау облысының тұрғындарын екі күн бойы толассыз жауған нөсер әбден титықтатып тастады. Себебі, екі тәулікте төге салған 7 айлық мөлшердегі жауын-шашынның салдарынан алапат сел жүрген-ді.
Кеше Ақтау қаласы мен Мұнайлы ауданының тұрғындары топан судың астында қалғандарын айтып шулады. Өйткені, қаланың өзінде көпқабатты үйдің төбесінен аққан су бөлмелерден лақ етіп, сатылардан сарылдап жатыр, - деп жазды baq.kz.
Көшелерде де жоқ жерден көлшіктер пайда болып, көліктер сонда қалған. Суы табанында ғана жататын каналдар да ернеуінен асып, жұртқа қауіп төндірді.
Ал Мұнайлы ауданында 4 көше мен 8 үйдің ауласы суға толды. Тасқын салдарынан көлік қатынасы да қиындаған. Алайда, селден адамдар зардап шеккен жоқ.