Дағдарыс —туризмдегі жаңа бағыттардың дамуы

Щучье-Бурабай курорттық аймағында және Алакөл көлінің жағалауында 350 мыңға жуық адам демалды.

Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингт ҚР МСМ Туризм индустриясы комитетінің басшысы Дастан Рыспеков осындай мәліметті жария етті.

Бұл туралы "Қазақ үні" ақпарат агенттігі хабарлайды.

Оның айтуынша, пандемия жағдайында туристік сала көрсеткіштерінің төмендеу үрдісі бүкіл Қазақстан бойынша байқалады.

«Халық тарапынан демалуға деген сұраныстың жоғары екендігін ескере отырып, санитарлық-эпидемиологиялық жағдай тұрақты болған жағдайда, күзгі-қысқы кезеңде бизнес көрсетілетін қызметтерді ұлғайтуға бағытталатын болады», - деп мәлімдеді Д.Рыспеков.

Көшпелі туризм бойынша статистиканы ұсына отырып, салалық комитет басшысы 20 маусым мен 4 шілде аралығындағы кезеңде 622 қазақстандық турист туркомпания қызметтерін пайдаланып, Түркияда демалуға мүмкіндік алғанын жеткізді. Осылайша, шығу туризмі саласындағы компаниялар туристер алдындағы, оның ішінде бұрын ауыстырылған жолдамалар бойынша өз міндеттемелерін орындауды бастай алды. Өкінішке орай, эпидемиологиялық жағдайдың нашарлауына байланысты Түркияға рейстер уақытша тоқтатылды.

Эпидемиологиялық жағдайдың жақсаруын ескере отырып, қазіргі уақытта бірқатар елдермен әуе қатынасын қалпына келтіру бойынша мәселелер қарастырылуда, оның ішінде тамыз айында Таиланд пен Грузияға рейстер ашу жоспарлануда», - деді ҚР Мәдениет және спорт министрлігі Туризм индустриясы комитетінің төрағасы Дастан Рыспеков.

Қазақстанда карантин шаралары енгізілгені ішкі туризм қатты дамып жатыр. Бұл туралы "Kazakh Tourism" жұмысының жаңа бағыттары туралы Ұлттық компания басшысы Е. Еркінбаев та Орталық коммуникациялар қызметінің брифингінде мәлімдеген еді.

«Пандемияның туристік салаға жаһандық ықпалына байланысты Kazakh Tourism, ең алдымен, елдің шетелде туристік әлеуетін ілгерілетуге бағытталған құрылым ретінде, ішкі туризмді дамыту қызметі мен шығыстарын қайта қарады. Компанияның биылғы жылғы бюджеті қалыптасқан жағдайды ескере отырып, 2019 жылмен салыстырғанда 56%-ға қысқарды, сондай - ақ штат саны 20% - ға қысқарды, басқарушы құрамның саны қосымша қысқартылды және барлық өндірістік шығындар оңтайландырылды»,- деді Еркінбаев.

Бірақ дағдарыс пандемия мен карантиндік шаралардың салдарынан дестинацияларды дайындау, туристік өнімдердің ассортиментін кеңейту, жергілікті жерлерде сервис орнату мүмкіндігі болып табылады. Санаторийлік-курорттық демалыс, экологиялық, этнографиялық, аграрлық және туризм керуені, балалар-жасөспірімдер және қолөнер қызметтері сапасына баса назар аударылатын болады.

«Бұрын біз табысты шетелдік тәжірибені (5А, Qualidat, Swiss) зерттей отырып, туристік қызметтерді стандарттаудың өзіндік моделін әзірлеу ниетін мәлімдедік. Бүгінгі таңда бұл жұмыс жергілікті сарапшыларды тартумен басталды және ағымдағы жылдың соңына қарай аяқталады. Сондай-ақ, ағымдағы айда Қазақстанда агротуризмді дамыту моделін әзірлеу бойынша далалық зерттеуді бастаймыз, оның шеңберінде туризмнің осы перспективалы түрін дамыту бойынша оңтайлы тәсілдер ұсынылады. Осындай зерттеу санаторлы-курорттық нысандар мен танымал турмаршруттар бойынша тиісті ұсыныстар жасап, оларды ілгерілету үшін контент жасау арқылы жүргізілетін болады»,-деп бөлісті компания басшысы.

Оның айтуынша, «Батыс Еуропа - Батыс Қытай» көлік дәлізінің бір бөлігі туристер сапарлайтын орынға айналады. Эпидемиологиялық жағдай жақсарған соң осы бағыт бойынша арнайы экспедиция жолға шығады. Олар биыл күзде Жібек жолының бойындағы жол учаскесіне түгендеу жүргізеді.

«Үстіміздегі жылдың қыркүйек айында эпидемиологиялық жағдай тұрақтанған кезде караванинг-экспедиция ұйымдастыру көзделген. Оның мақсаты кемпинг, караваннинг және автотуризмді дамыту тұрғысынан Жібек жолының бойында түгендеу жүргізу болып табылады. Экспедицияның жүру бағыты ретінде «Батыс Еуропа - Батыс Қытай» көлік дәлізі бойындағы ҚХР шекарасынан Өзбекстан шекарасына дейінгі жол бөлігі таңдап алынды.

Пандемия жағдайында әлеуметтік-қашықтықтан демалудың ең көп тараған түрі дәл осы караваннинг туризм болып табылады. Қытай мен Ресейде ондаған миллион адам джип-турларды қоса алғанда, автоүйлермен, мотоциклмен немесе автомобильмен саяхатқа шығады, ал Еуропада шамамен 6 миллион автокеруен жолға шығады», - деді Е.Еркінбаев.

Осы орайда халықтың пандемия кезінде жайлы демалып, денсаулығына зиян келтірмеуі үшін туристік орталықтар барлық жағдайды жасаулары керек екені белгілі. Әсіресе, індеттің таралуы жоғары болған кезде демалыс орталықтарына деген сұраныстың да, сапаны бақылаудың да күшейтілетіні түсінікті.

Мысалы, Мәдениет және спорт министрлігі Туризм индустриясы комитетінің төрағасы Дастан Рыспековтың айтуынша, барлық курорттық орындарда ағымдағы жылдың жазғы туристік маусымының соңына дейін броньдау үшін бос орындар қалған жоқ.

Оның сөзінше, эпидемиологиялық жағдайдың нашарлауына байланысты Шығыс Қазақстан облысы Алакөл көлінің жағалауында және Щучье-Бурабай курорттық аймағында демалушыларды қабылдауды тоқтату туралы санитарлық дәрігерлердің Қаулылары шығарылды.

Сонымен қатар, курорттық аймақтардағы орналастыру орындарының үздіксіз жұмыс істеуін қамтамасыз ету және төленген броньдар бойынша ақшалай қаражаттың қайтарылуын болдырмау мақсатында Мәдениет және спорт министрлігі өңірлердің әкімдіктерімен бірлесіп, жоғарыда көрсетілген санитарлық дәрігерлердің Қаулыларына кейбір толықтырулар енгізу мүмкіндігін талқылады.

Нәтижесінде, тауарлар мен қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау қызметімен берілген тиісті дайындық актілері бар орналастыру орындарында алдын ала төленген броньдар бойынша демалушыларды қабылдауға рұқсат етілді.

«Шығыс Қазақстан облысындағы Алакөл көлінің жағалауында отбасының бір мүшесіне ПТР анықтамасының болуы жағдайында, бұрын көзделген талаптарды ескере отырып, демалуына болады. Блокпосттардағы өткізу жүйесі туристерде орналастыру орындары ұсынған броньның бар-жоғы туралы деректермен салыстырылатын болады», - деді Д.Рыспеков.