Сынай білген адам, нәтижеге риза бола да білуі керек! - Құлбек Ергөбек

Ел аман, жұрт тыныш, шат күйде жетейік!

Шымкент қаласының әкімі Мұрат Әйтеновке! Құрбан айт! Діни мейрам! Президент, әкімнің халықты құттықтауы ресми! Халық әкімді құттықтаса ше?-деген сұрақ құйылды кенет көкейіме? Оған себеп - көп күннен, күндерден бері ауыр сырқаттан соң, сілкініп далаға шығуым! Сілкініп шығып алдымен күннің ащы шапағына қарадым. "Ойнағаның, күлгенің, жер басып жүргенің. Бәрі Күннің арқасы!" - деген жолдарды [Л.Толстой] есіме алдым! Аллаға мінәжәт еттім! Жарық күннің мәңгі сөнбеуін сұрадым Алладан! Қартайған Жер-Ананың Адамзат баласына мәңгі тіршілік ырғағын бұзбай, БЕСІК болуын тіледім Алладан! Аула балаларының шуылы келді құлағыма! Айналама қарандым! Аулада үлкен спорт кешені құрылыпты! Стадион айнала қоршалған, жасанды жасыл кілем төселген, әр жер-әр жерде спорттық құрылыстар... жүретін,жүгіретін, секіретін, тартылатын турниктер! Карантин-деп үйге кіріп кеткенде аула мұншалықты емес еді. Бас-аяғы 50 күнде тұрғындарға, балаларға қаншама жағдай жасалған?! Іштей қуаныш кернеді. Шуаш көршім Лида: "Қала әкімі әредік келіп басында тұрды"-деді.Тегі түрік[шуаш] бола тұра славян нәсіліне ерге шыққан кейуана! Тағдыр! Әкім көрмеген адамым! Танымаймын! Халықты жапыра құлатып індет келгелі ҚР Президенті, [әкесімен Жазушылар Одағында бір кабинетте отырып, қызмет істегенімді халық мүддесіне пайдаланып] Қ.К.Тоқаевқа елдегі нәубеттің жайын айтып,хат жазып, дабыл қағумен болғанымды желілес достар білер. Сол секілді қала әкімін сынаумен де болдық. Дәрі жоқ, бар дәріні қымбатқа сатады, дезинфекция жасалмайды, маска тақпайды... Сынымыз осылай келеді. Сынаған күннен әкім жедел аурухана жабдықтады, аптеканы тексерді, маска таратты, дезинфекция жасалды, сауданы бақылады. ...көп-ақ! Төрт орынбасары бірдей құлады! Бір өзі жүрген кезі көп! Біз сынаған үстіне сынап жаттық. Қай кемшілікті сынасақ, әкім сол жерден табылып отырды. Елгезектік, халыққа жаны ашуы - іскерлік! Соның арасында аула-аулада мынадай спорт кешенін жөндеткен, салдырған! Жақында тағы бір оқыс қадам жасады. Екі бірдей орынбасарын босатты."Қап!"-деп қалдық! Екі тың орынбасар қабылдады. Таңдауына қарап "Е,бәрекелде!"-дестік! Әрине, әлі де сын толастаған жоқ. Есепті, есепсіз, халық деген, өзім деген [өзімшіл] сын айтыла береді. [Қайраткер,іскер азамат Б.Сапарбаевты сиғызбаған Шымкент емеспіз бе, тәйірі?!] Өз басым, індеттен құлап,әупірім тәңірмен тұрып [Аллаға шүкір!], бүгін Жарық күнге шығып тұрып, қала Әкімін Құрбан айтпен құттықтап, ризашылық білдіруді хош көрдім! Сынай білген адам, шыққан нәтижеге риза бола да білуі керек! Мұрат Әйтенов! Мал жаратып, қуана қарсы алатын ұлық мейрамға көп адам шығынымен жетіп отырмыз! Өзі аз қазақтың басына ауыр сын түсіп, айтқа адам жаратқандай, қайғылана, мұңдана келіп отырмыз! Алда мұсылманшылықтың кәміл көрінісі, айқын белгісі - айттарға мұңсыз, мұңды күйсіз, ел аман, жұрт тыныш, бас аман, бауыр бүтін шат күйде жетейік! Көрер жарық күніміз көп, Жер-Анадан тартып тартар тақсірет, шегер қайғымыз жоқ болсын! Алланың қызметшісі - Адам өзін Алланың алдына түскендей астамшылықтан тиылсын! Өркениет жетістігін Адам бүкіл Адамзат қасіретіне емес, БАҚЫТЫНА жұмсасын! Онсызда тарихтан тақсіретті аз қазақ өзара ынтымақ тауып, тарих төріне көп болып көтерілсін! "Біріңді қазақ бірің дрс, Көрмесең дүниенің бәрі бос!" [Абай] Оң жолдасың, Мұрат Әйтенов! Халқыңа қызметің баянды болсын! Құрбан айт құтты болсын! Шымкент тұрғындары атынан жазушы Құлбек Ергөбек! 1.08.2020