ӨЗ ТІЛІН ҚОРҒАП ҚАЛҒАН ӨЗБЕКТЕР (видео/фото)

1989 ЖЫЛЫ ЕРЕУІЛГЕ ШЫҒЫП, ЕЛ ЕКЕНДІКТЕРІН КӨРСЕТКЕН ЕДІ…

Өткенде "КЕҢЕС КЕЗІНДЕ ДЕ ЕРЛІК КӨРСЕТКЕН ЕКЕН ӘЗІРБАЙЖАН ЕЛІ! Әзірбайжан ағайындардың елдігіне, ерлігіне таңғалдым!" атты мақала жариялаған едік. Ол Әзірбайжанның белгілі moderator.az сайтында және Әзербайжан жазушылары порталында жарияланған болатын. Ендігі кезек өзбек бауырлардың ерлігінде. Қазақ Елі Тәуелсіздік алған отыз жылында да әлі МЕМЛЕКЕТТІК ТІЛ ТУРАЛЫ ЗАҢ ҚАБЫЛДАЙ АЛМАЙ КЕЛЕ ЖАТЫР. Ал көрші туыс еліміз Өзбекстан Тәуелсіздігінің басында-ақ 1989 жылы 24 қыркүйекте Ташкент қаласы алаңына шығып, көшелерімен шеру жасады! Басты Ұрандары: 1. Өзбекстанда тек өзбек тілі ғана мемлекеттік тіл болуы тиіс! 2. Еліміздегі 90 пайыз түркітілдестер неге 10 пайыз орыс тілінде сөйлеуі керек?!. 3. Өзбекстан азаматы өзбек тілін білуі міндетті болсын! 4. Өз тілін ұмытқан ұлт тарихтан жоғалады! Өзбекстан астанасы Ташкент қаласы ереуілге шыққан халыққа толып кетті. Түгел өзбекше сөйлейтін полиция шеруге шыққан халыққа қарсы тұра алмады. Тілі үшін күреске шыққан қалың халық тосқауылды бұзып өтті. Ала тақиялы, ақ сақалды өзбек қариялары, ақ жаулықты өзбек аналары, жалындаған жастардың рухы Ташкентте тасып тұрды!.. Алаңда ақ шашты ақсақалдан ақ бантикті оқушы қыздарға дейін "Өзбек тілі ғана Мемлекеттік тіл болсын! Орыс тіліне жол жоқ!"-деген Ашық хатқа қол қойды! Негізі қаһарлы кеңес империясы кезінің өзінде Өзбекстанда тіл проблемасы болған жоқ. Орысыңнан бастап, өзге ұлт өкілдерінің бәрі өзбекше сайрағанда Қазақстаннан Өзбекстанға барып, Ресей тілінде сұңқылдап тұрған орысқұл қазақтар (қандай парадокс) не айтарын білмей қалатын... (Мен бұл туралы осыдан 35 жыл бұрын мақала жазғанмын.) Соның өзінде, Ұлт болу үшін ең басты қасиет -Ұлтшылдығы керемет өзбектер бәрін заңды етіп шешіп алды! Былтыр Өзбекстанға барғанда көрдім, 30 -40 жастағылар орыс тілін білмейді! Міне, қандай керемет! - Тәуелсіздік жемісі! Ал біздің Тәуелсіз 30 жылымыз босқа өтті - қайран бір ұрпақ кезеңі кері кеткен! Қайта қазақ тілін білмейді орысқұл Ата-анадан туған мәңгүрт ұрпақ! Өзбекстанда біз қатарлылары орыс тілін білсе де сөйлемейді. Ел деген осы! Отарлық азап тартқан елдердің бәрі Тәуелсіздік алғасын ең көп азап тартқан Қазақстаннан басқалары Ресей тілін айналымнан алып тастады - өйткені ол отарлаушы ел тілі! Тіліңді білмей отырып, дымыңды шығарған неңді алған сенің байғұс казахтар!?. Қазыбек ИСА "Қазақ үні" https://m.facebook.com/story.php?story_fbid=273913723801182&id=100035476702527