Ақмола облысында үй өртеніп, кәмелетке толмаған үш бала көз жұмды
2020 ж. 29 шілде
1211
0
Ақмола облысы, Атбасар ауданы, Хрящевка ауылында үлкен өрт болды. 100 шаршы метр аумағы бар тұрғын үй өртенді, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.
Ақмола облысы төтенше жағдайлар департаментінің мәліметінше өрт 29 шілдеде сағат 5.19-да орын алған.
"Үйде жеті адамнан тұратын үлкен отбасы тұрады, 1979 жылы туған, 1981 жылы туған ата-аналары және бес бала. 2004 жылы туған, 2005 жылы туған, 2007 жылы туылған, 2008 жылы туған ұлдар және 2012 жылы туған қыз. Атбасардағы №4 мамандандырылған өрт сөндіру станциясына дейінгі қашықтық 25 км. Құтқарушылар келгенге дейін 2004 және 2012 жылы туылған балалар мен ата-аналары терезені сындырып, үйден шықты", - дейді ТЖ баспасөз қызметі.
Зардап шеккендер үйден шыққаннан кейін, үйдің төбесі құлап, ішінде қалған үш бала көз жұмды. Өрт сағат 08.25-те сөндірілді, қоқыстар бөлшектенуде.