БІЗ ҚАЙ ЕЛДЕ ӨМІР СҮРІП ЖАТЫРМЫЗ? ӘЛІ РЕСЕЙДІҢ ОТАРЫМЫЗ БА? Ашық хат.
2013 ж. 02 ақпан
3757
36
Ашық хат!
«Вы сами виноваты, зачем пооткрывали русские школы? А теперь или говорите на русском, либо выходите отсюда».» деп сауда үйінен шығарылып тасталдым...
ҚР Президенті Н.Назарбаевқа
ҚР Премьер-Министрі С.Ахметовке
Мемлекеттік істер жөніндегі Агенттіктің төрағасы Ә. Байменовке
Мәдениет және ақпарат министрі М.Құл-Мұқаммедке
Индустрия және жаңа технологиялар министрі Ә.Исекешовке
Білім және ғылым министрі Б.Жұмағұловқа
Павлодар облысы әкімі Е.Арынға
Мәжіліс депутаттары А.Перуашевқа, О. Асанқызына,
Н.Сабильяновқа, М. Бегентаевқа, А.Нуркинаға.
«Нұр-Отан» партиясы хатшысы Е.Қаринге
2013 жылы 31 қаңтарда Керекудегі Лермонтов пен Сәтбаев көшелерінің қиылысында орналасқан «Сулпак» сауда үйіне қалтафон сатып алмақшы болып кіргенмін. Қазақша сөйлеп, өз тілімде қызмет көрсетуді талап еткенім үшін, күзетпен итеріліп, далаға шығарылып тасталдым. Сол себепті облыстық прокуратураның қабылдауында болдым. «Тілдер басқармасына хат жолдаймыз, өзіміз де тексеріс жүргіземіз» деп қалды. Сауда үйінде болған масқара жайтты диктофонға жазып алдым. Жағамды ұстағаным, барлығы дерлік сатушылар, мені итеріп шыққан күзет қызметкерлері де қазақтар. Олардың айтқандары: «Мы не говорим по-казахский; я понимаю, но обслуживать буду на том языке, на каком мне удобно; вы сами виноваты, зачем пооткрывали русские школы, и нас туда отдавали; а теперь или говорите на русском, либо выходите отсюда». Құрметті мырзалар, қазір де қаламызда орыс мектептері қазақ мектептерінен 10 еседей көп десем, артық айтпаймын. Расы ішінде араласы да бар, бірақ тәрбие орыс тілінде екені барлығына белгілі. Тіпті таза қазақ 4 мектептің өзінде үзіліске шыққандардың өзара қатынасы орыс тілінде. Оған көңіл аударып жатқан ұстаздар жоқ, бірен-сараны болмаса, қайта өздері сол тілде сайрайды! Міне, біздің қазіргі де, келешектегі де болашағымыз! Бір сөзбен айтқанда жеткен жеріміз осы болса керек. Ал қанша қазақ емес орыстілділермен қазақ тілі жөнінде сөз болса, айтатындары, «Языку с детсадов, со школ надо обучатся. Побольше бы садов на казахском, мы бы тоже детей отдавали».Ал елдегі осы масқара жағдайды қалыптастырып отырған кімдер? Ол биліктің өздері мен бала-шағалары қазақ тілін қақпайтын сауатсыз, қазаққа, қазақтілділерге қарсы үлкен бөлігі! Оның ішіндегі Ресей лоббилері мен өз мәңгүрт-зомбилеріміздің саясатының нәтижесі. Енді қалғаны қазақтілділер мен орыстілділердің арасында жанжал шығып, мемлекетті тарқатып, көршілерге, әсіресе Ресейге өткіземіз демесеңіздер, дереу осы масқараларға шара қодануларыңызы талап етеміз! Облысқа қазақ тілінің, ұлт мүддесінің жанашыры Ерлан Арын әкім болғанда қуанғанымызды қайтейік, сең қозғалар емес... Облыстық Ішкі саясат департаментінен бастап: «Слушаю вас», облыс әкімінің хатшысы «Приемная акима области слушает»- деп шет елдің тілінде сайрайды. Мемлекеттік мекемелердің барлығы дерлік осылай қызмет көрсетеді. Қатынастары тек көрші шет мемлекеттің мемлекеттік тілінде. Өйткені олар жоғарғы билікке қарап өмір сүреді. Өз елінде, қазақтың есебінен отырып, өз тілін сатқан биліктің басым бөлігіне қызмет етеді.! Ал қалған жекеменшік мекемелердегі тілдік жағдайдың қандай екенін елестете беріңіздер!
Сонда БІЗ ҚАЙ ЕЛДЕ ӨМІР СҮРІП ЖАТЫРМЫЗ? ӘЛДЕ, ӘЛІ РЕСЕЙДІҢ ОТАРЫМЫЗ БА?


Руза Бейсенбайтегі
Кереку қ. Қайрбаев к. 104-136, 8(7182) 51-10-50
Руза Президентіміздің «Қазақ пен қазақ қазақша сөйлессін» деген
тапсырмасын
орындағаны үшін жазықты ма?
Әлде, Керекуде Руза мен қазақ тілін қорғайтын еркеккіндік қалмаған ба?
Қашан көрсең, Керекуде мемлекеттік тілдің өлімші халімен арпалысып жүретін мемлекеттік мекемелер емес... жалғыз осы Руза Бейсенбайтегі. Үнемі оған араша түсетін Алматыдағы «Қазақ үні» газеті бастаған санаулы қазақ басылымдары мен сайттары. Сонда облыстағы қазақ тілінің, ұлт мүддесінің жанашыры деп үміттеніп жүрген Ерлан Арын бастаған әкімдердің, мемлекеттік мекеме басшылары, қоғам қайраткерлері мен қаламгерлері бар, қазақ тіліне қаны қызатын бір еркеккіндік қалмаған ба? Сонда Руза Бейсенбайтегі Президентіміз Нұрсұлтан Назарбаевтың «Қазақ пен қазақ қазақша сөйлессін» деген тапсырмасын орындағаны үшін жазықты ма? Сонда Павлодарлық мемлекеттік мекемелер үшін Конституция мен Елбасының ерекше екпін беріп айтқан сөзі жай айтыла салған кезекті сөз болып тұр ғой. Рузаны мемлекеттік тілде, Тәуелсіз Қазақ елінде қазақ тілінде сөйлегені үшін қуып шыққандардың ("БІЗ ҚАЙ ЕЛДЕ ӨМІР СҮРІП ЖАТЫРМЫЗ? ӘЛІ РЕСЕЙДІҢ ОТАРЫМЫЗ БА?" www.qazaquni.kz ) бір сөзінде билікке қарата айтылған ең басты шындық бар. Олар: «Мы не говорим по-казахский; я понимаю, но обслуживать буду на том языке, на каком мне удобно; вы сами виноваты, зачем пооткрывали русские школы, и нас туда отдавали; а теперь или говорите на русском, либо выходите отсюда. Языку с детсадов, со школ надо обучатся. Побольше бы садов на казахском, мы бы тоже детей отдавали»,-дейді. Міне, Қазақ еліндегі қазақ тілінің өлімші халінің дәл диагнозы. Бұны кезінде ұлты орыс қоғам қайраткерлері де айтқан: Сендер, билік әдейі мемлекеттік тілді білуді мәжбүрлемей, бізді мемлекеттік тілді білу құқымыздан айырып отыр» деген олардың сөзі – ең басты кеселіміз, ұлттық қауіпке апара жатқан басты дертіміз. Қазақстанда қазақша сөйлегенің үшін қуып шығады!?. Бұндай бейшаралық әлемнің ешқандай Тәуелсіз елінде жоқ, тарихта болмаған масқара! Бодандықтан құтылдық деп, бостан болған 22 жылда жеткен "жетістігіміз!" Меніңше, ел президентінен бастап, министрі , төрағасы, әкімі, депутаттары, хатшысы бар, жоғарыда аталған тұлғаларда Елбасымыз айтқандай патриоттық, мемлекетшілдік қасиеттерден (ұлтшылдықты айтып, оларды шошытпай-ақ қояйық) тамшы болса да, қалған болса, Керекуде шырылдап жүрген Руза бастаған қоғам қайраткерлеріне, жалпы халыққа бір жауабын береді деп сенеміз.Қазыбек ИСА
www.qazaquni.kz