«Ақ жол» ҚДП 2015 жылғы қаржылық жағдайы жайлы ЕСЕБІ
2016 ж. 15 сәуір
873
0
«Ақ жол» партиясының 2015 жылғы қаржылық есебінде барлық келіп түскен қаражат сомасы 344 млн, 496 мың теңгені құрайды. Оның ішінде мүшелік жарна мен уақытша қайтарылғандары және басқа көмектерден түскен сома 12 млн, 240 мың теңге.
2015 жылғы барлық шығындар құны 347 429 295 теңгені құрап отыр.
Бұл шығын сомасының басым көп бөлігі жалақыға жұмсалған яғни 132 556 702 теңге қаражат жалақы есебінде. Салықтар мен әлеуметтік аударылымдарға 40 564 656 теңге көлемінде қаражат жұмсалды.
Сонымен қатар, әр түрлі шығындарға тоқталатын болсақ;
Кеңселерді жалдауға: 65 210 976 теңге,
Байланыс қызметі, транспорт және почталық шығындарға: 22 447 237 теңге,
Қажетті материалдар сатып алуға, нақтырақ айтқанда: (кеңсе тауарлары, шаруашлық тауарлары, картридждерді толтыру, кеңсе жұмысына қатысты техникалық жабдықтарды (оргтехникаға) қажетті құралдарды сатып алу бойынша)10 014 514 теңге қаражат жұмсалды.
Іс-сапарлық шығындар: 10 519 646 теңге,
Бұқаралық Ақпарат Құралдарымен істелген жұмысқа кеткен қаражат сомасы: 39 995 810 теңгені құрап отыр.
Түрлі деңгейдегі іс-шаралар ұйымдастыруға жұмсалған қаражат: 2 884 223 теңгені құрайды.
Негізгі құралдарды сатып алу бойынша, оның ішінде кеңсе жиһаздары, орг техника сатып алуға 985 280 теңге жұмсалды.
Қайырымдылық көмек көрсету және басқа да шығындар туралы айтатын болсақ, ол – 12 199 574 теңгені құрайды. Бұл қаржы демеушілер есбінен жұмсалып отыр.
Сонымен қатар, басқа да түрлі шығындардың жалпы сомасы – 10 050 677 теңгені құрайды. Бұл шығын сомасы негізгі құралдарды жөндеу, полиграфиялық және имидждік өнімдерді дайындау, консалтингтік қызмет, банк қызметі және т.б қызметтерге жұмсалды.
2011 жылдан бері келе жатқан уақытша көмекті есептегендегі қарыз сомасы 92 420 590 теңгені құрайды.
Ал, 2016 жылдың 1 қаңтарына дейінгі қалдық сома 7 592 192теңгені құрап отыр.
"Ақ жол" партиясы