Түркістан өңірінде дәрі-дәрмек мәселесі оң шешіліп жатыр - Құлбек Ергөбек
2020 ж. 20 шілде
1114
0
ҚР Президенті өз үндеуінде ел ішін жайлаған індет жайында ашығын айтуды, тек шындықты айтуды қайталап сұрады. Шынында да бұл індеттен халқымызды өмірде орын алып отырған қандай қиын жағдай болса да бүкпесіз ақиқат жағдайды ашық айту, ілкімді қимылдап, ауруға дәрі-дәрмек жеткізіп, жедел емдеу ғана құтқаратыны бәрімізге аян! Өтірік ақпар [әсіресе үйде емделіп, үйде қаза болғандар есепке кірмей қалып қойып жатыр] халыққа дер кезінде ара түсуге келергі, әкімдер үшін ұят!
Өйткені біз "соғыс" жағлайында өмір сүріп отырмыз! Жайшылықтағы жайбасарлық,немқұрайдылық, мундирді сақтау секілді марғау мінез бүгінгі күнге жүрмейді!
Бұдан бірнеше күн бұрын Қ.А. Ясауй клиникасына жоспарлы дәрінің өзі [страхование арқылы] түспей жатқанын айтып министр ЦОЙ-дың атына [өзге де кемшіліктермен бірге] хат жазғаным өздеріңе мәлім! Журналистің қаққан дабылы!
Бүгін Түркістандағы қазақ-түрік республикалары ынтымақтаса үкілеп ұстап отырған, әлеуеті жоғары ХҚТУ клиникасына жоспарлы дәрі-дәрмектің келіп түскенін есітіп қуанып отырмын! Қуанышымды өздеріңмен бөлісіп отырғаным!
Облыс әкімінің орынбасары Сәкен Қалқаманов өзімізден, шет елден, түрлі қоғамдық қордан дәрі-дәрмектің молдап түскенін, түскен дәрі-дәрмекті Түркістан облысы бойынша тұрғындарды саны, сырқаттың аз,көптігінетқарай ақ, адал бөлініп, әділетті таратылып жатқанын желіде жеткізе айтты!рахмет!
Түркістан жаңа облыс! Жаңа облыстың сан-сапалақ мәселесі шаш нтектен болары хақ! Оның үстіне облыс әкімінің 1-ші орынбасары көз жұмды халық деп жүгіріп жүріп! Облыс әкімі қайраткер азамат Өмірзақ Шөкеевке оңай болып жатқан жоқ! Қажымауын тілейміз! Облыс басшысы шаршаса, халықты үрей [паника] шырмап ала жөнелгелі тұр! Мықты болыңыз, Өмеке! Қ.Р.Президенті Қ.К.Тоқаев Түркістанға келгенде Өмірзақ Шөкеевті "Еліміздің қайраткер тұлғасы"-деп бағалады! Қайраткер қажымас болар!
Саладағы бір мәселе сонымен Түркістан өңірінде дәрі-дәрмек мәселесі оң шешіліп жатыр! Қуаныштымыз!
Министр мырза! Салаңызда шешімін таппаған қаншама мәселе бар? [Хатымызда айттық]. Басты мәселе [дәрі дәрмек] оң шешіле бастады деп арқаны кеңге салуға болмайды. Көзге көрінбейтін соғыс әлі толастаған жоқ! Күшінде! Әлі қаншама аяулы адамдарымызды арамыздан алып кетері белгісіз!
Аман болсын халқымыз!
Ашық болсын жұмысымыз әкім,министр ағайындар! Халықтың бар үміті өздеріңде! Құлағымыз түрік жүрсін, жүрегіміз қан жылап жүріп те халық өмірі үшін күресе білейік журналист әріптестер!
Құлбек Ергөбек,
Қазақ үні