Жәрдемақы кімдерге беріледі?
2020 ж. 18 шілде
1554
0
ҚР Президентінің тапсырмасымен мұқтаж жандарға шілде айына 42 500 теңге тағы да төленетін болды. 17 шілдеден бастап жәрдемақыға өтінім қабылдау басталады.
Біріншіден, бұл жәрдемақы карантин шектеулеріне қатысты ақысыз демалысқа жіберілген жалдамалы жұмыскерлерге беріледі. Бұл жерде өтінішті тек жұмыс беруші жібереді. Жұмыс берушілерге қойылатын бір ғана шарт – олардың жұмысы карантинде тоқтап қалса ғана беріледі. Оны жергілікті аудан, қала бойынша штаттар, Атамекен ҰКП өңірлік өкілдері тексереді. Себебі, қазіргі шектеу шаралары жеңілдеу болғанымен, әр өңірде бас санитарлық дәрігерлер өз шектеулерін қойып жатыр. Екіншіден, карантинде жұмысы тоқтап қалған жеке кәсіпкерлер, жеке практикамен айналысатындарға 42 500 теңге төленеді. Оны да аудан, қаладағы штаб пен салық комитетінің өкілдері белгілейтін болады. Үшіншіден, азаматтық-құқықтық сипаттағы келісім бойынша жұмыс істеп жүрген фрилансерлер өтінішті өздері береді. Бұл өтініштер штаб арқылы өтпейді, тікелей жіберіледі. Бұл кісілерге бір шарт – осы 2020 жылы 6 айдың ішінде бір рет болса да зейнетақы жарнасының аударылуы. Бұл қатарға кәсіпкерлікпен ай сайын тұрақты түрде бірыңғай жиынтық төлем (БЖТ) төлеп жүрген кәсіпкерлер де кіреді. Соңғы санат – өз бетінше жұмыс істеп жүргендерге 42500 теңгені алуға болады. Бұл жолғы өзгеріс – өткендегідей БЖТ төлеудің қажеті жоқ, төтенше жағдай кезіндегі төлем ескеріледі.