ДДСҰ барлық мемлекетті COVID-19 жағдайларын жаңаша тіркеуде Қазақстанның үлгісін ұстануға шақырды

0
232

ДДСҰ Еуропалық бюросының төтенше жағдайлар жөніндегі аймақтық директоры Дорит Нитцан Қазақстандағы COVID-19 бен пневмонияның біріктірілген статистикасы туралы пікір білдірді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Қазақстандағы COVID-19 бойынша жағдай жақсаруда. Жұқтыру жағдайлардың үштен бірі соңғы аптада тіркелгеніне қарамастан, төмендеу байқалады. Мемлекет бірқатар санитарлық шараларды әзірлеп жатыр. Сонымен қатар науқастарды емдеу және аурухананың жағдайындағы инфекцияны бақылау шараларын жетілдіруде. Әсіресе, Қазақстан пневмониясы жоқ пациенттерді COVID-19 бойынша ДДСҰ зертханаларында тестілеуге келісті. Осыған ұқсас жағдайларда барлық елге осы жұмыс әдісін қолдануға кеңес береміз», – деді онлайн байланысқа шыққан Дорит Нитцан ОКҚ алаңы арқылы.

Еске сала кетсек Қазақстанда пневмониямен ауырғандар КВИ жұқтырғандардың статистикасына енгізілетін болды. Осылайша COVID-19 бойынша жаңа статистика 1 тамыздан бастап жүргізіледі.

Пікір жазу

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз