Кәсіпкер халыққа 10 мың дана медициналық бетперде тарту етті
2020 ж. 17 шілде
941
0
Текелі қаласының тұрғыны, кәсіпкер - Насыр Құрманбек 10 мың дана медициналық бетперде тарту етті. Игі шараға мұрындық болған кәсіпкердің айтуынша бетперделер жалпы сомасы – 1 млн 300 мың теңгеге сатып алынған.
Бұл туралы "Қазақ үні" ақпарат агенттігі хабарлайды.
Бүгінде еріктілер тобы бетперделерді мұқтаж жандарға, яғни көп балалы және әлеуметтік аз қамтылған отбасыларына таратып жатыр. Сонымен қатар індетпен күресуде алдыңғы шепте жүрген медицина қызметкерлеріне 2 мың данасы үлестіріліп берілуде.
Жалпы қайырымдылық акциясы Текелі қаласының барлық мекемелері мен жоғарыда айтылған әлеуметтік топ өкілдерін толықтай қамтыды. Кәсіпкер Төтенше жағдай режимі енгізілгеннен бастап өз қолынан келген көмегін көрсетіп келеді.
Атап өтсек карантин кезінде Текелі қаласына қойылған санитарлық бекетке және Текелі қалалық орталық ауруханасына тепловизорлар сыйға тартқан болатын. Әрдайым қайырымдылық акцияларына белсене атсалысып, халық игілігі үшін көмек қолын созып жүрген жомарт азамат осы ретте де өз көмегін көрсетті.