Министр 42 500 теңгенің қашан төленетінін айтты
2020 ж. 15 шілде
1421
0
Бұл туралы ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Біржан Нұрымбетов ҚР Президенті жанындағы ОКҚ-да айтты, - деп хабарлайды baq.kz.
Кешеден бері халық тарапынан сұрақтар келіп түсіп жатыр. Бұл жолы 42500 теңге Төтенше жағдай кезіндегідей төленеді. Жұмыс істеп жүріп, жалақысынан айырылған азаматтарға төленеді. Ол жалдамалы қызметкерлер, жеке кәсіпкерлер мен өзін-өзі жұмыспен қамтитын азаматтар. Бұл жолы бұл бір айға қарастырылып отыр. Екінші сұрақ қашан төленеді? Бұл жолы да төлемнің операторы ретінде әлеуметтік сақтандыру қоры белгіленді, - деді министр.
Нұрымбетов қордың қаржылық жағдайы шектеулі, қиын екені айтылғанын еске салды.
Бүгін шешім қабылданды. Үкімет Ұлттық банкпен бірігіп, бір аптаның ішінде қордың қаржылай мәселесін шешуі тиіс. Алдағы 1-2 күнде біз ережені мемлекеттік органдармен пысықтап, Әділет министрлігі арқылы тіркеуден өткіземіз. Осы уақытта ақпараттық жүйелерді ережеге сәйкестендіріп, алдын ала тестілеу жасаймыз. Осылайша, жұма күні порталдар өтініштерді қабылдауға ашық болады. Дүйсенбіден, яғни 20 шілдеден бастап төлемдерді тағайындауға кіріссек пе дейміз. Оған дейін өтініштерді беріп әуре болмаңыздар, жұма күні ашамыз, - деді ол.