Мемлекет басшысы бірқатар медицина қызметкерін марапаттау туралы Жарлыққа қол қойды

0
295

ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев елімізде еңбегі сіңген бірқатар медицина қызметкерлерін арнайы наградалармен марапаттау туралы Жарлыққа қол қойды, деп хабарлайды Ақорданың ресми сайты.

Қазақстан Республикасының мемлекеттік наградаларымен наградтау туралы ҚАУЛЫ ЕТЕМІН:

1. Қазақстан Республикасына сіңірген аса үздік еңбегі, қызметтік борышын атқару үстінде көрсеткен жанқиярлығы үшін: Жоғары дәрежелі ерекшелік белгісі

– «Қазақстанның Еңбек Ері» атағы беріліп, айрықша ерекшелік белгісі – Алтын жұлдыз бен «Отан» ордені тапсырылсын:

Исаев Олег Николаевич (марқұм) – Ақмола облысының денсаулық сақтау басқармасы жанындағы «Көкшетау қалалық көпбейінді ауруханасы» МКК бөлімше меңгерушісі

Қозбағаров Қалихан Есбосынұлы (марқұм) – «Облыстық клиникалық жұқпалы аурулар ауруханасы» МКК бас дәрігері, Ақтөбе облысы.

2. Осы Жарлық қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

Қазақстан Республикасының Президенті

Қ.Тоқаев

Нұр-Сұлтан, Ақорда, 2020 жылғы 13 шілде

№ 370

Пікір жазу

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз