"СК-Фармация" қызметіне қатысты тексеріс басталды
2020 ж. 10 шілде
1470
0
Антикоррупция "СК-Фармация" ЖШС қызметіне қатысты тексеріс бастады.
Биыл 7 шілдеде Қазақстан Республикасы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі "СК-Фармация" ЖШС қызметіндегі сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне сыртқы талдауды бастады, ол 31 шілдеге дейін жалғасады. Талдауды Cыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің, "СК-Фармация"-ның қызметкерлері мен қоғамдық ұйымдардың өкілдері жүргізеді.
Еске сала кетейік, бұған дейін "Қазақ үні" ақпарат агенттігінде қоғам қайраткері Қазыбек Исаның "Дәрі тапшылығына жауаптылар қатаң жазалану керек" атты мақаласы жарияланған болатын. Онда автор "СК-Фармация" жұмысын қатаң сынға алған.