Қазыбек Иса: Дәрі тапшылығына жауаптылар қатаң жазалану керек

0
478

Белгілі қоғам қайраткері, ҚР Президенті жанындағы Ұлттық Кеңес мүшесі Қазыбек Иса «СК Фармация» компаниясының жұмысын қатаң сынға алды.

Бұл туралы «Қазақ үні» ақпарат агенттігі хабарлайды.

– Иә, еліміздің дәріханаларында бұрын шашылып жататын қарапайым парацетамол мен аспириннің жоғалып кетуін қалай түсінуге болады? Бұл дәрілер ғана емес, барлық дәрілер, бетперделер мен қолғаптар бірнеше есе өсіп кеткен. Бұны қажетті дәрілердің бағасын көтеру үшін қолдан жасалып отырған қасақана қастық әрекет деп танып, қатаң жазалау керек! – деп жазды ол «Халық қасіретін саудаға салғандар аяусыз жазалануы керек!» атты мақаласында.

Автордың пікірінше, дәрі-дәрмектердің жоқтығы мен қымбатшылығына жауапты тұлғалар қатаң жазалануы керек.

– Мысалы, » СК-Фармация» компаниясы Катар Республикасынан 21 мамырда, яғни 50 күн бұрын келген 9 тонна медициналық гуманитарлық көмекті осы күнге дейін не үшін сақтап отыр? Мұражайға қоймақшы ма немене? Компания басшыларының: «Катар Республикасынан келген гумманитарлық көмектің құжаты жоқ, сондықтан жатыр» дегені қай сасқаны? Қаншама адам медициналық аппараттар мен дәрі-дәрмектер жетіспегендіктен қайтыс болып кетіп жатқанда, Катар елінің өздері тегін беріп жатқан 9 тонна медициналық жабдықтардың құжатын 50 күннен бері ала алмай отыруы не бейшаралық немесе қандай жымысқы әрекет?!. Соғыс кезінде мұндай кесепатты әрекет үшін трибуналда атылады. Ал қазір соғыстан да көп адам шығыны болып жатқан нағыз майдан кезі ғой! Ендеше, кінәлілер қатаң жазалануы керек! – деді Қазыбек Иса.

Пікір жазу

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз