Азат Перуашев: Уақыт біздің азаматтарымыздың өмірімен өлшенеді
2020 ж. 09 шілде
1293
0
"Ақ жол" партиясының төрағасы, ҚР Парламент Мәжілісінің депутаты Азат Перуашев Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Үндеуіне және жалпы коронавируске қатысты ахуал туралы өз ойын білдірді.
"Қазақ үні" ақпарат агенттігі саясаткердің көзқарасын оқырман қауымға ұсынуды жөн көрді.
***
Президенттің кешегі сөзін мұқият тыңдадым.
Айтылғандардың мән-мағынасы мен жалпы серпілісімен бөлісемін. Өз ойымды үш сөзбен анықтайтын болсам: ашық, нақты және үмітке толы дер едім.
Қазіргі жағдай мен қателіктер туралы ашық айтсақ. Көптеген қазақстандықтар Қасым-Жомарт Тоқаевтың аузынан өздерінің көкейінде жүрген мемлекеттік шенеуніктер айтпаған жанайқайды естіді. Олар қоғам ішінде айтылып жүрді.
«Ақ жол» Демократиялық партиясы және біздің депутаттар, наурыз айынан бері осы мәселелер бойынша жауапты мемлекеттік органдарға алты (!) үндеу жолдады. Біз ауруханаларда орындардың тапшылығы және азаматтардың ауыр жағдайына қарамастан ауруханаларға қабылдамайтыны туралы көптеген фактілер туралы жеткіздік. Жедел жәрдем қызметінің кемшіліктері мен дәрігерлер мен медқызметкерлердің жетіспейтіні туралы айттық. Шенеуніктердің емделушілердің індетпен бірге ілеспе ауруларды сылтауратып, жасырып қалғысы келетіні туралы жаздық. Дәрі-дәрмектердің жетіспеушілігі және олардың алыпсатарлық бағалары туралы көрсеттік. Дәрігерлердің жанқиярлығы мен оларды қорғайтын құралдардың жоқтығы туралы жаздық. Денсаулық сақтау басқармаларының сәтсіздігі мен өршіп келе жатқан дүрбелең туралы жаздық.
Біз осынау қауіп-қатерді еңсеру туралы жиырмаға жуық нақты ұсыныстар жібердік.
Бірақ біздің ұсыныстарды жүйе жергілікті жерлерден түсіп жатқан хабарлар сияқты оларға өте баяу әрекет етті, уақыт оздырды, ал қоғам адамдардан айырылуда. Биліктің әрекетсіздігіне қарсы жақын адамдарынан айырылғандардың қатаң сыны жөнді және олардың сезімдерін сыйлау керек деп санаймын.
Осындай қиын жағдайда азаматтық батылдық керек еді, созылған үнсіздікті тоқтатып, керекті шешімдерді қабылдап,өзіне жауапкершілік арту қажет еді. Көріп тұрғандай, мұндай батылдықты Президент Қ.Тоқаев ғана жасады.
Президент болған жағдайға және шенеуніктер жол берген қателіктерді аяусыз сынады. Ең бастысы – болған оқиғаларды адамшылық қайғы деп ресми түрде мойындалды, 13 шілде – Қазақстан бойынша пандемия құрбандарын еске алу – Ұлттық аза тұту күні деп жариялады.
Мемлекет басшысының үндеуі қатты айтылды, өйткені індетті еңсеру мақсатында мемлекеттік органдар не істеп жатқаны, қандай тапсырмалар қойылғаны және оларды орындау үшін қойылатын талаптар нақты айқщындалды.
Қ.Тоқаев жүздеген шұғыл медициналық бригадалар құрылатыны, ауруханаларда орындардың көбейтілетіні, пандемияға қарсы күреске жаңа медициналық кадрлар тартылатыны, тестілеу мүмкіндіктері ұлғайтылатыны туралы нақты ақпарат берді. Ел Президенті дәрі-дәрмекпен қамтамасыз ету проблемасын жан-жақты шешу жөнінде: «жуық күндерде дәрі-дәрмекпен қамтамасыз ету мәселесі шешілетін болады» деп сендірді.
Президент осы мақсаттарға 150 млрд теңге қаржы жұмсалатыны, сондай-ақ, көрсетілген мәселелерді іске асыру, оның ішінде, дәрі-дәрмектің алып сатарлық жолдарын кесумен ерекше бақылауға алынатынын халыққа жеткізді.
Сонымен, тапсырмалар айтылған сөздердің қаттылығында ғана емес қарымды қаржыландыруларға құрылатынын да көрсетті.
Қасым-Жомарт Тоқаев сөз соңында ресми хабардан тыс әрбір адамға түсінікті, оның адамдық көңіл-күйіне, ішкі сезімдеріне, мұқтажына әсер ететін үміт пен сенім нышандарға толы лебізін жеткізді.
«Салмақты, сабырлы болайық. Біз сіздермен біргеміз» деген сөздерді біз жақын жандарға, олармен қиын, ауыр кездерді бөліскенде айтамыз.
«Ақ жол» Демократиялық партиясы Мемлекет басшысының үндеуіне қосылып, мемлекеттік органдардан Президент Қ.Тоқаевтың тапсырмаларының дереу және бұлжытпай атқарылуын талап етеді.
Бүгін біздің азаматтардың өмірі әрбір күнмен, әр сағатпен өлшенеді.
Азат Перуашев,
Қазақ үні