Бір адаммен қоштасуға барған жүздеген адаммен де қоштасып жүрмейік...
2020 ж. 02 шілде
2229
0
Дін қайраткері Әбдіғаппар Сман бауырымыздың иманы саламат болсын! Кеше қиналып, зорға сөйлеген соңғы сөзін көргенде, қауіпті індеттің қаншалықты індеп кеткеніне куә болдық...
Карантин кезінде марқұмның жаназасына мыңға жуық адам барған видео тарап кетті.
Айтқан жерден аулақ, бірақ
бір адаммен қоштасуға барған жүздеген адаммен де ертең қоштасып жүрмесек болғаны...
Діни жоралғыны ұстап, жаназаға барғандардың ешқайсысы Алла елшісі Мұхаммед пайғамбардың (оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын):
-Егер сіз қандай бір жерде оба пайда болғанын естісеңіз ол жерге бармаңыз және сіз тұрған жерге оба жетсе, ол жерден шықпаңыз"-деген хадисін есітпегендер ме?
"Жаназа мен құдайы астарға отбасы, туған туыстары ғана, жалпы 30 адамнан артық жиналуға болмайды" деп мәлімдеген Қазақстан Діни басқармасы - мүфтияттың бәтуасы қайда қалды?
"Өлгеннің артынан өлмек жоқ" деген дана қазақ. Бұл жердің әкімдері, полициясы, имамдары қайда дегенмен, әр адам алдымен өзін, отбасын ойламай ма?
"Құдай сақтансаң ғана сақтайды!"
Қазыбек Иса,
Қазақ үні