Елбасы - өңірлік және халықаралық ынтымақтастықтың заманауи саяси күн тәртібінің авторы

Семей ядролық полигонын жабу және ядролық қару арсеналынан бас тарту әлемдік қоғамдастыққа кіру кезінде Қазақстанның визит карточкасына айналды. Бұл туралы Елбасы - Тұңғыш Президент қорының Халықаралық бағдарламалар орталығының жетекшісі Қайрат Әбусейітов «Нұрсұлтан Назарбаев - жауапты көшбасшылық: сабақтастық және эволюция» атты халықаралық конференцияға қатысушы ретінде мәлімдеді. Сарапшының айтуынша, еліміздің Тұңғыш Президентінің дәл осы ерік-жігері Қазақстанға жоғары мәртебелі және әлем елдерінің сеніміне ие болған елдердің қатарына кіруге мүмкіндік берді. Нұрсұлтан Назарбаевтың стратегиясының арқасында өзінің халықаралық бірегейлігі болмаған ел Еуразиядағы экономикалық, саяси, мәдени және дипломатиялық көшбасшыға айналды. Н.Ә. Назарбаевтың соғыстан бас тарту және дауларды бейбіт жолмен шешу қағидатын ұстану негізінде елдің ұлттық мүдделерін ілгерілетуге ұмтылуы Елбасының халықаралық бастамаларының алғышарттарына айналды, олар кейіннен елдің танымалдығын қамтамасыз етіп қана қоймай, Қазақстанға әлемдік қоғамдастықтың жаңа мүшесі ретінде сенімнің іргетасын қалап қана қоймай, сондай-ақ өңірлік және жаһандық қауіпсіздік пен тұрақтылықты нығайтуға елеулі үлес қосты және одан әрі жалғастыруда. Қ. Әбусейітов атап өткендей, Нұрсұлтан Назарбаев ҚР Тұңғыш Президенті - Елбасы және Қауіпсіздік Кеңесі Төрағасының жаңа мәртебесінде 2019 жылы жаңа халықаралық платформа - Ядросыз әлем үшін көшбасшылардың жаһандық альянсын құру идеясын алға тартты. «Болашақтың айрықша стратегиялық көрінісін көретін саясаткер және жаһандық ауқымдағы дипломат ретінде, Елбасы өңірдегі саяси сенім мен жүйелі экономикалық диалогты қалпына келтіруге бағытталған «Үлкен Еуразия» жаңа геосаяси құрылымын құру бойынша тұжырымдамамен сөз сөйледі», - деп толықтырды сарапшы. Бүгін, 2020 жылғы 2 шілдеде Нұр-Сұлтан қаласында Қазақстан Республикасының Ұлттық академиялық кітапханасында "Нұрсұлтан Назарбаев. Жауапты көшбасшылық: сабақтастық және эволюция". Ұйымдастырушылар: Қазақстан Республикасы Президенті жанындағы Қазақстан стратегиялық зерттеулер институты және Қазақстан Республикасы Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі.