Халық қалаулысы жалғызбасты анаға үй сыйлады
2020 ж. 26 маусым
1216
0
Алматы облысы, Қарасай ауданына қарасты Жібек жолы ауылындағы екі жасөспірім баласын - Асан мен Хасанды тәрбиелеп отырған жалғызбасты ананың көптен күткен арманы орындалды. Алты жыл бойы үй жалдап тұруға мәжбүр болған Мирагүл Сапарбаева Алматы қаласындағы медициналық орталықтың бірінде тазалық жұмыстарына жауапты. Айлық жалақы күнделікті күнкөріске қажеттіліктен аспайды. Сол себепті де тәуекелге бел буған ана «Нұр Отан» партиясының Қарасай аудандық филиалына көмек сұрап,өтініш білдірген. Десе де, бірден баспаналы болатынына сенбегенін жасырмайды. Бақытты үй иелерінің кілтін депутаттың көмекшісі Самат Орынбасаров тапсырды. Ананың басты арманын орындауға тікелей себепкер жан - Алматы облыстық маслихатының депутаты, "Іргетас-құрлыс ІІ" ЖШС директоры Сарсенов Әлібек Пернебайұлы.
Үйдің іргетасы қызыл кірпіштен 2014 жылы қаланған. Жалпы көлемі 80 шаршы метр, сондай-ақ он соттық жері бар. Құны 7млн. 800 мың теңге. Өзге адамдардың пәтерін паналап, көшіп қонып жүруден әбден шаршаған Мирагүл үшін бұл баға жетпес сыйлық болды. Мирагүл Сапарбаева: -Осындай көмек беріп жатқанына көп алғысымды айтамын. Еңбегіне нұр жаусын, кейінгі ұрпаққа әйтеуір өнеге болатын игі іс. Балаларым да көріп отыр, оларда сондай Әлібек ағасындай болуға тырысады.
qazaquni.kz