ТӨРТІНШІ БИЛІКТІҢ ТӨРГЕ ШЫҚҚАН КҮНІ!

Құрметті қаламдастар қауымы! Барлығыңызды бүгінгі кәсіптік мерекелеріңізбен құттықтаймыз! Бүгінгідей еліміз тағдыр таразысында тұрған кезеңде журналистердің жұмысы аса маңызды! "Қай елдің баспасөзі мықты болса, сол елдің өзі де, болашағы да мықты" деп Алаш арысы Міржақып Дулатұлы айтқандай, ең алдымен Ұлттық мүддемізді қорғауда қаламымызды қаруымызға айналдырып, қайсарлығымыз бен қайратымызды таныта берейік! Ұлт ұстазы Ахмет Байтұрсынұлы талап еткендей "Баспасөз -халықтың көзі, құлағы, тілі" болуы тиіс. Ендеше, Елдің мұңын мұңдап, жырын жырлап, қақын қорғап, Әділдік туын көтере берейік! Баспасөзді ел "Төртінші билік" деп тегін айтпайды. Ендеше бүгін үнемі майдан даласында жүретін "Төртінші биліктің" төрге шыққан күні құтты болсын! Мамандығымыз - мақтанышқа, Кәсібіміз нәсібімізге айнала бергей, қадірлі қаламдастар! ҚАЗАҚ ҮНІН биіктен шырқай берейік деп, барлығыңызға АҚ ЖОЛ тілеймін! Қазыбек ИСА, "Қазақ үні"