Қасым-Жомарт Тоқаев: Сақ жүрсең, сау жүресің
2020 ж. 23 маусым
1015
0
Әр адам өзінің туыстары мен жақын адамдарының денсаулығына мұқият болуы керек. Бұл туралы «BIZ BIRGEMIZ» онлайн форумда Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
«Осындай күрделі кезеңде барша жұрт жауапкершілік танытудың қаншалықты маңызды екенін түсінді деп ойламын. Әр адам өзінің туыстары мен жақын адамдарының денсаулығына мұқият болуы керек. Бұл қазіргі заманның талабы», - деді Қасым-Жомарт Тоқаев.
Мемлекет басшысы індетті жеңу әрбір азаматтың өз қолында екенін баса айтты.
«Бұл ең алдымен қарапайым қағиданы ұстанудан басталады. Бетперде тағып жүру, тазалық сақтау және әлеуметтік қашықтық ұстану өте маңызды. Өйткені, бұл сіздің және өзге адамдардың денсаулы үшін аса қажет. Тағы да қайталап айтамын, «сақ жүрсең сау жүресің«, «сақтықта қорлық жоқ«. Сондықтан азаматтарды қорғау үшін біз барлық қажетті шараларды жедел түрде қолға алдық және осы жұмысты ары қарай жалғастыра береміз», - деді ҚР Президенті.