Тимур Құлыбаевтың анасы дүниеден озды
2020 ж. 23 маусым
1405
0

Тимур Құлыбаевтың анасы Раиса Құлыбаева 82 жасында дүниеден озды, деп хабарлайды "Қазақ үні".
Раиса Алдабергенқызы Құлыбаеваның қайтыс болғаны туралы қаралы хабар Қазақстан Республикасы Ұлттық Олимпиада комитетінің сайтында жарияланды.
Тимур Құлыбаев - қазақстандық кәсіпкер және белгілі қоғам қайраткері, "Атамекен" Ұлттық кәсіпкерлер палатасы төралқасының төрағасы, Қазақстан мұнай-газ және энергетика кешені - KAZENERGY қауымдастығының төрағасы, ҚР Ұлттық Олимпиада комитетінің президенті.
"Қазақ үні" редакциясы Тимур Асқарұлына орны толмас қазаға байланысты көңіл айтады. Марқұмның алды пейіш, арты кеніш боп, иманы жолдас болсын.