Белгілі азаматтар Елбасының тезірек сауығып кетуін тіледі

Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті,

Елбасы Н.Ә. Назарбаевқа

Аса құрметті Нұрсұлтан Әбішұлы!

Барлық ақмолалықтар мен көкшетаулықтар атынан ыстық сәлеміміз бен ізгі тілегімізді қабыл алыңыз! Сіздің індетпен оқшауланып қалғаныңызды естіп, қалың еліңіздің атынан тезірек айығып шығуыңызды тілейміз!

Бар өміріңізді қазақстандықтардың тағдырына арнап келе жатқан Сіз ел Тәуелсіздігінің бастауында тұрған және уақыттың аса қысқа мерзімінде Қазақстанды дүниені төрт бұрышына танытқан Тұлғасыз! Әлемдік саясатта өз орныңыз бен өз абырой-беделіңіз бар. Сіз қазақ елінің абыройы, айбыны мен айдынысыз!

Шынай көңілімізден Сізге тезірек сауығып шығып, әрдайым сау-саламатта өз еліңіздің ортасында бірге болуыңызды тілейміз!

Құрметпен,

жазушы, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, Сенаторлар кеңесінің мүшесі Ж.Ерғалиев,

Көкшетау қаласының құрметті азаматтары:

Б.Жанәділов, Қ.Мұстафина, З.Шуатаева, Ш.Әлиев