Эпидемиологиялық жағдай күрт нашарлап кетті - Сәуле Қисықова
2020 ж. 18 маусым
1146
0
Нұр-Сұлтан қалалық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Сәуле Қисықова неліктен елордада қатаң карантин енгізілмей отырғанын түсіндірді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.
Бас дәрігердің айтуынша, карантинді күшейту туралы шешімді қаланың бас санитар дәрігері қабылдайды. Бұған дейін карантин жеңілдетілгенде науқастардың күн сайынғы өсімі 7 проценттен аспауы тиіс деген талап болған.
"Қазір күн сайынғы өсім 7 проценттен асып отыр. Бірақ біз науқастарды "ауру белгілері бар" және "ауру белгілері жоқ" деп екіге бөле бастадық. Жалпы, эпидемиологиялық жағдай күрт нашарлап кетті. Осылай жалғаса берсе, қосымша шаралар қабылдануы мүмкін", - деді Қисықова онлайн брифингте.
Айта кетейік, Нұр-Сұлтанда коронавирус инфекциясын жұқтырғандардың саны 2 951 адамға жетті. Қазіргі кезде жұқпалы аурулар және уақытша ауруханаларда 1 711 науқас емделіп жатыр. Бұл барлық орынның 90 процентін құрайды. 80 науқас реанимациялық бөлімде, жасанды тыныс алдыру аппаратына қосылғандардың саны төрт есеге артты.