Шыңғыс хан ҚАЗАҚ дейді тарихшы В.Белинский

18
4178

Әлемді жаулаған әйгілі қолбасшы Шыңғыс хан моңғол болмаған, шын мәнінде, Шыңғыс хан – түркітілдес тайпалардан тарайтын қазақ. Алтын Орда тарихын ұзақ уақыт зерттеген белгілі ғалым, «Страна Моксель», «Москва Ордынская» атты тарихи кітаптардың авторы Владимир Белинский осындай тұжырым жасады.

Кеңестік тарихшылар қаншама бұр­ма­лағанмен, Шыңғыс ханның қазақ екен­­дігін дәлелдейтін фактілер жеткілікті. Шың­ғыс ханның ұрпақтары, Алтын Ор­даның хандарының барлығы Моң­ғол­станда емес, қазақ жерінде отырғанының өзі-ақ көп нәрсені аңғартпай ма? Кейбір ре­сейлік шыншыл тарихшылардың кө­мегімен осы ақиқатты жариялайтын кез келген сияқты. Ұлы қолбасшының қазақ болғандығын тарихшы Владимир Бе­линский көптеген нақты фактілермен дәлелдейді.
«Наймандар, керейлер, қияттар мен мер­кіттер моңғол емес, түркі тайпаларына жатады. Олардың ұрпақтары қазіргі Қы­тай жерінде өмір сүріп жатыр, тілдері қа­зақ­ша. Шыңғыс хан өмір сүрген тұста оның империясында қазаққа жақын ұй­ғыр тілі мемлекеттік болған. Темуджиннің әке­сі (қазақша Теміршін болып айты­лады) Есүгей қияттардың ханы болған. Шешесі Оян меркіт руынан. Шыңғыс хан­ның әйелі – Бөрте қазақтың қоңырат руынан шыққан. Оның барлық ұлдары түркі есімдерімен аталды. Шыңғыс хан­ның өзі қазақ тілінде «Шұғылалы хан» де­ген мағынаны білдіреді. Моңғолдарда ол кезде де, қазірде де ондай есімдер бол­ған жоқ. «Хан» деген сөздің өзі моңғол емес, түркілердікі. Моңғолдар өздерінің бас­шы­ларын «қонтайшы» деп атаған. Шың­ғыс ханды әдеттегі қазақтың құрыл­тайын­да хан көтерген. Ал моңғолдарда мұндай сөз жоқ. Тәңірге табынатын тек қа­зақтар ғана қайтыс болғандарды аз адам білетін, құпия жерге апарып жер­леген. Бұл дәстүр туралы Алтын Ордадағы еуропалық елші Плано Карпини жазған. Ол кезде моңғолдар өлген адамдарды молаға апарып ашық аспан астында қалдыратын болған» дейді тарихшы Владимир Брониславович Белинский ақпарат агенттігіне берген сұхбатында.
Бұл деректердің көбін Исай Калаш­ни­ковтың «Жестокий век» кітабынан да, бас­қа да тарихи шығармалардан кезде­с­тіруге болады. Оны өзіміздің тарих­шы­ларымыз да аңғарған болуы керек.Бірақ осы уақытқа дейін Шыңғыс ханнан моң­ғол жасау кімге керек болды екен? Бұл сұраққа да Белинский жауап дайындап қойыпты. Оның пікірінше, орыс тари­хы­ның бұл фактілерді бүркемелеуінің сыры – кейіннен орыс империясына кіріп, орыс патшаларының қоластында болған қа­зақтардың бір кезде сол орыстарды ба­­ғындырғанын мойындағылары келме­гендігінде. Сондықтан әлемді жаулау­шы­лардың бүкіл даңқын алыстағы моңғол­дарға таңып берген. 
«Жақын арада Шыңғыс ханның қа­зақ­тан шыққаны ресми түрде мойын­да­лады. Өзіндік көзқарасы болғанмен, Қа­зақ­стан Ресей мен Қытайға әлі жал­­­тақ­тағаны болмаса, тарихта жазылған миф­терге сенгісі жоқ» деп мәлімдеді тарихшы Владимир Белинский.

Қайыржан ТӨРЕЖАН

Айқын

18 ПІКІРЛЕР

  1. Сауран Әл Қайыр Башылық Гүрханның туған жиені Сом Тайжал.

    Бұл оның азан шақырып қойған аты, әкесінің аты – Ахун Ғалпе Салих Горшы Аталық діндар азамат болған. Ислам дінін уағыздаушы, өз ортасында беделі күшті, Самарқант шаһарының белгілі Ахуны болса, Анасының аты – Өзілім Шәйім Көзілім бегім өте сауатты жан екен.
    Сом Тайжалдың әкесі үш жасында дүниеден озып, екі ағасының ортасында әкесінен қалған дәулетті өзіне мұра санап ешқандай қиындық көрмей, ағаларының ортасында еркелеп өседі. «Сом» – деген атты ел берген, бұл қара күштің дүлей иесі, ешкім қарсы келмейді деген ұғым. Сом Тайжал Ғамсар Ғайып Хан билікке отырғанына жеті жыл толған соң күндіз – түні ойлағаны «Алқазы Шәрмүзір Һарона» болады. Ақыры бұл ісі де оңға басып, «Киелі құдық» аталған «Һарона» сақталған жер асты құпия қоймаларындағы бірнеше тонналық тас сандықтарды 400 түйемен жер бетіне тартып шығарып, Гүрханға алып келеді. «Алқазы Шәрмүзір Һаронаны» басына киіп Сом Тайжал енді «Хадүр Гүрхан» атанады. «Һаронаны» алып келген 450 азаматты о дүниеге аттандырады. Осыдан кейін Отырар шаһарынан қашып Тұғырыл Торы Ханды паналайтындардың саны күрт көбейеді.
    Ал мұның есесіне түстіктен «Хадүр Гүрханды» құрмет тұтып таң қалған патша, бекзадалар үлкен сыйлықтар алып Отырар шаһарына ағыла бастайды.
    «Алқазы Шәрмүзір Һаронаны» Жер Жаһанды билеген Ұлы Жал Қаһандар: Алаша Қаһан мен оның ұлы Қазақ Қаһаннан басқа ешкім кимеген.
    Және бұл киелі бас киім саналған. Алуға, пайдалануға қатаң тиым салынған. «Оны орнынан қозғаған Елде қантөгіс, соғыс тоқтамайды!» – деген, Қаһарлы Өсиет болған.
    Жер бетінде бұл «Һаронаны» Сом Тайжал Ғамсар Ғайып Хан киіп: «Мен Жұмыр Жер Жаһанның Хадүр Гүрханымын!» – деп жар салады.
    Керей Қағанаттарының Бас Қаһаны Тұғырыл Торы Хан алапат қан төгістен Тұран Елін қалай аман алып қалу керек, соны ойлаумен болады. «Ғайып Хан өзіне бағынбаған ханзадаларды бірінен соң бірін о дүниеге аттандырып жатыр. Отырарда әлемге әйгілі, әртүрлі діндер ұстаған, Жаһандық соғысқа, жойқын қарулар жасауға қарсы шыққан 1100 алым-ғұламаның 637-і өлтірілді. Зұлқарнайынның заманының зарын айтып, босағаны тепкілеп күніне бір жаушы келуі салтқа айналып барады. Ғайып Хан Үнді мұхитына дейін қылышын сілтесе де сабасына түсер емес». Осындай ойлармен Торы Хан арпалысып отырғанда, Ордаға Тәмуршынның өзі кіріп келеді. Бұл уақыттарда ол Торы Ханның әскер басы еді. Басын иіп оң тізесін бүгіп шабатын барыстай отты жанарын қадап:
    – Дат Биқуы! – деді. Торы Хан рұқсат деп ишарат білдірді.
    – Ұйзын Қағанаты «Ел Жамбысын» көтеріп, қонысымызды қоссақ! – деп елшісін жіберіпті. Торы Хан ойланып тұрып,
    – Батыс күнгейге Ордасын бекітсін! Және Шарабоз Билерін осында жинасын! – деп, қарт Қаһан орнынан тұрып кетеді. Торы Хан Үлкен «Мәссағат» құрады. Ел жағдайын сонау Ескендір Зұлқарнайыннан бастап, өзіне дейінгі болған бұрын-соңды ел ішінде айтыла бермейтін құпия саяси құбылыстардан сыр шертеді.
    Ғайып Ханның қазіргі жағдайы, алдағы ой-істері, Отырар астана боп тұрған Тұран мемлекетінің ішкі-сыртқы саясаты, көршілес Батыс елдерінің үркіп сауда базарындағы «Табыс көздерінің» төмендеуі, атақты ғалым Әбу Нәсірет Әл Фараби Таңсәуір ғұламаның Отырарды тастап шығуы, бұл істің соңы Жұмыр жердің бетіне қаһарлы қан төгіс алып келетінін айтып, Торы Хан өзінің би, бекзадаларымен оңаша қалып тағы да «Мәссағат» құрылады. Ең соңында Тәмуршынмен оңаша, ашық пікір сайысқа түсті, бұл оның үміт күткен соңғы азаматы еді.
    – Мен қартайдым, сондықтан да сүйекке таңба салмай дүниеден озуым керек! Бұл Тектілердің ықпалы! Қолды екіге бөлеміз де екеуміз соғысамыз! Сөзімді бөлме! Онсыз бізге Ғайып Хан сенбейді. Оның таразысы басым, сондықтанда біз екеуміздің біреуіміз Киелі Даланың қыранындай қиядан бір қарауымыз керек! Бұдан арғысын Найман қағанатының «Ашқабасұры» түсіндіреді! – деп төрде ілулі тұрған қос қанжардың бірін Тәмуршынға ұсынып, Ордадан шығып кетеді…
    Тұғырыл Торы Хан Үйсін, Найман, Керей, Қосоғат, Қоңырат, Оғыз т.б. барлығы 16 Қағанаттардың сұлтан, би, бекзадаларын шақырып:
    – Бұдан былай Ту біреу, Ұран біреу! Менің Тәмуршынмен соғысу себебімнің түпкі мақсаты осы! – деп, Елдің бірлігі үшін құрбандық болатынын айтқанда, барлығы да Тәмуршынды мойындап ант ішеді.
    Бәріде Торы Хан айтқандай боп шығады. Тұғырыл Торы Хан дүниеден озып, арулап елі жерлейді. Жаназаға 10 мың нөкерлерімен Сом Тайжал Ғайып Хан да келеді. Ол Торы Ханның Тәмуршынмен соғысып жеңіліп, өлгеніне көзі жетеді.
    Арада бірнеше күн өткенде Найманның «Ашқабасұры» келіп, ол Торы Ханның айтып кеткен өсиетін Тәмуршынға ұсынады. Онда былай деп жазылыпты: «Атамыз Қазақ Қаһан Жұмыр Жерді билеп тұрғанда, бауыры Созақты да өте қатаң ұстаған. Бірақ «Мейірім, шапағаттан» аспаған. Ал қазір: «Мен Қазақпын!» – деп қан түкіргендер көбейді!. Отырар ілімнің Ордасы еді. Соңғы кездері қызыл қанның бұлағына айналып бара жатыр. Мен дүниеден озамын! Сүйреткен ізіме де, сүйегіме де таңба салмастан соңғы сапарға аттандым! Отырар шаһарындағы диханшылар күз айында егін жинауға тайлы-таяғымен шығады, енді саған Ғайып Хан одақтастықты ұсынады. Сен келісім бер! Әрине бұл сенің көзіңді жоюдың амалы. Ол сені алмас бұрын Батыс тұсты бір сілкіндіріп, үркітіп алғысы келер. Сенің Ғайып Ханды алуың оңайға түспес…
    Бірақ амал бар, «Әлемді екіге бөліп аламыз!» – деп ұсыныс жаса, сонда ғана көнеді. Ғайып Хан қол астындағы әскерін екіге бөледі. Сен оларды Батысқа сілте! Ол сарбаздарын Батысқа аттандырып, күзде егін жинау науқаны басталғанда, сен Отырарды қоршауға алып, Ғайып Ханды тізе бүктір! Шаруалар сені қолдайды. Қалған Қағанаттың барлығы Отырарды алған соң, өзінен-өзі алдыңа бас иіп келе береді. Отырар шаһарының астында жер асты жолдары мен «Стандар» және құпия қоймалары бар, сол арқылы ішке енесің! Ғайып Ханға шын ниетімен берілген, сол арқылы келген от ұратын құпия қаруларды жасауды, көнеден келе жатқан құпия сырларды, ілімдерді, жәдігерлерді үйреніп еліне әкетпек болған парсылар мен етүрей алымдардың бәрін өлтір! Тек қана кітапханаларды аман алып қалуды ойлан! Қолыңа түссе киелі құдыққа таста! Кітаптардың ішінде Көк Тәңірінің сөздері бар, киесіне ұрынсаң, мынау Киелі Даладан айырыласың! Қазақ Қаһанның аты біржолата ұмыт болады. Ғамсар Ғайып Ханды «Киелі тасқа» алып барып жазала! Үкім Әруақтан болады!» – деп мұрахат қалдырған екен.
    Түсіндірме:
    «Киелі тас» – Арқадағы Қазақтың киелі қасиетті Ұлытауында «Ақыра» – деген киелі тасы бар биік шоқы болған. Онда мемлекет, ел мүддесін сатқан үлкен тұлғаларды сонау Сақтар заманынан Шыңғысханға дейін өлім жазасымен жазалап отырған.
    «Үкім Әруақтан болады» – деп неге айтылған: жазаланушы фәнданы осы «Киелі тасқа» әкелгенде үстінде Ақ бұлт пайда болса: «Күнәсі жоқ екен!» – деп, оған кешірім берілген. Ал қап-қара бұлт немесе жылан шығып бір іннен екінші інге кірсе: «Күнәсі ауыр, дүниеқоңыз екен!» – деп, ол фәндеге өлім жазасы орындалған.
    Осындай жерлер, киелі қазақ даласының үш жерінде бар. Екіншісі «Қан Дарбаза», Сарыағашқа жақын жерде. Үшіншісі қазіргі Тараз қаласы мен Құланның арасындағы «Ұлы Жібек Жолы» бойындағы «Ақыртөбе» елді мекені. Жоңғар шапқыншылы-ғына дейін бұл жер Тақыртөбе аталып келсе, Ұлы Төле Бидің ұсынысымен киелі далаға келген жаулардың соңы осы болсын деп, «Ақырғы төбеде» Жоңғар қонтайшылары мен батырларын жазалаған, кейінерек тіліміздің үндестік заңымен бұл жер «Ақыртөбе» – елді мекені деп, аталып кеткен.
    Заңғар Уан Тұғырыл Торы Хан – Амур Дария Заңғар Забур патшаның ұрпағы. Заңғар – деген ат, кез-келген алымның, қағанат басының, патшаның алдын орап сөйлейтін, және сол сөзін, ісін дәлелдеп айтатын азаматқа, қолбасшыға беріледі.
    «Дат!» – рұқсат сұрау. Биқуы – сөзі: «билеушілердің, билеушісі» – деген ұғым.
    Отырар «Стандары мен Зындандары» – жер асты зындандарында Ғамсар Ғайып Хан өзіне қарсы шығып ақыл айтқандарды елден таса білдірмей жазалаған. Ал «Стандарда»- шарап ішіп, небір сұлуларды билетіп, алымдармен ақыл-кеңес құрған. Сонда орналасқан Медреселерде өзінің сенімді бекзадаларының балаларын оқытқан.

    Шынғысханның Бабалары:

    1. Арқар енесі Бөрі.
    2. Күлтегін Қырық буын – су жағалай өмір сүрген, көздері аспан көк (Құзын Сауғаның ұрпақтары)
    3. Ар – Ғұн, Кер – Ай, Жекү, Кер – Шүк, Кер – Алып, Кер – Кү.
    Арқардың енесі – Бөрі Атай. Орқыт – Атайға біріктірген.
    Көлтегін Қырық буын Орқыт тайпасын қырады. Тарихта: Атай, Атилла – дейді. Ол
    Ар – Ғұн тайпасының оң тізесіне отырады, «Құсшөлдеген» жұтта Ар мен Ғұнды біріктіреді. Түбі Қыпшақ, аты – Атилла (Еділ).
    1. Орқыт – Шыңғысханның Ұлы Атасы. 2. Атай – Атаұллының (Атилла) атасы, ал Аттила (Еділ) – Ғамсар Ғайып Ханның Ұлы Атасы. Ал Оқсыздың ұрпақтары белгісіз.

    Шыңғысханның әкесі мен анасы.

    Жатыр түбім Қоңырат!
    Батыр түбім Керей!
    Тудың түбі Массағат!
    Қазақ Анасының құрсағына сиған!
    Балдағы Асыл Баһандүр!
    Көлді жұтып, құрылыққа тоймаған…
    (Шыңғысхан)
    Шыңғысханның әкесі – Морқұт Керегеней Сабулай «Баһарум» Тараз шаһарында туылып, сонда білім алған. Отырар шаһарында өмір сүріп, Тұран Елінің билеушісі Ғамсар Ғайып Ханның алтыншы кеңесші биі болған. Шығыс елдеріне танымал, білімі және атақ – даңқымен «Текті» атанған бұл лауазымды азамат Ғамсар Ғайып Ханның сескенетін адамының бірі болған. Ғайып Хан ежелден келе жатқан Тұран Елінің салты бойынша күзгі жиын-терімнен соң диханшыларға арнап «Сабан той» өткізіп тұрған. Бірақ Гүрхан соңғы жылдары бұл ойынан айнып, айналасына «Жайрасұндардың» – Бас қолбасшыларын жинап, күн ұзақ Отырардың ішкі «Құлпы Сарайында» түстік елдерінің шахтарымен бірге ақыл – кеңес құратынды шығарды. Қару – жараққа көп көңіл бөліп, әр ай сайын, сыйлы құрмет көрсетіп, сарбаздардың сайысы мен әскери ойындарын жиілетті. Адам қаны да төгіліп, өлім жазасы да болып тұрды. Оның бұл қылықтары Ескендір Зұлқарнайынның дәуірін елестетті. Отырар шаһарына келген керуендер көп аялдамауға тырысты. Бірақ күн сәулелі шаһардың ілімі, диханшылығы, қол өнері, мәдениеті, т.б. жаңалықтары Жер жаһанннан керуеншілерді еріксіз тартатын еді. Ғамсар Ғайып Хан алымдар мен «Бармақ ұсталарға»: «Қару – жарақтардың жаңа түрлерін ойлап табыңдар!» – деп үкім шығарды. Алымдарға ең үлкен сыйлықтар тағайындады. Жер Жаһаннан келетін сауда керуендеріне тек қана темір, зұлмарт құймалар мен осылардан жасалған сауыт – саймандарды көптеп алып келуін талап етті және шаһар ішінде жасалған осындай заттардың бағасын да жоғарылатты.
    «Оғыз Қоршылық» қаһанына: «Бүтін еліңмен қол астыма бағынасың!» – деп, қаһарлы жаушы жіберді. Хорезм шахының қызына үйленіп, парсы – дерхемдермен ара-қатынасты күшейтті. Үнді елі мен Үнді мұхитына дейінгі аралықтағы елдерді 400 мың Тұран Елінің әскерімен үш жылда өзіне қаратып, Қытай елінен құл сатып алуды күшейтті. Міне осы уақытта Тұғырыл Торы Ханнан Ел Жамбыны көтеріп елші келеді, бірақ Гүрхан: «Ауырып жатырмын!» – деп кіші Гаремнен шықпай қояды. Елшілер он бір күн жатып ораза айы жақындағанда Шу -Тоғанақ шаһарына оралады. Гүрханның бұл ісі Амур Забур Дария патшаның «болашымы» (ұрпағы) Торы Ханға ұнамады, қайтадан шабарман жіберіп: «Керегеней Сабулай «Баһарум» елге оралсын!» – деп хабар берді. Келген шабарманға Ғайып Ханның өзі шығып: «Үрант Бағдат шаһарына елшілікке жібердім!» – деп, жылы жүзбен шығарып салады. Бірақ бәрі кеш еді. Елшілер кеткен күні – ақ Ғайып Хан Жаһандық соғысқа қарсы пікір білдірген Сабулай «Баһарумды» бір түнде екі баласы, бәйбіше, тоқалымен қосып, өзінде о дүниеге аттандырып үлгерген еді. Тек қана түскеніне 29 күн ғана болған оның үшінші әйелі, болашақ Шыңғысханның анасы Қоңырат Елінде Балқарайдан тарайтын Белшерек Қағанатында «Далашы» атағы бар дәулетті Құндас Бақтулидің қызы Құрныз Айхон атты уыздай жас келіншекті өте сұлу болғасын, әрі артында ерген баласы жоқ, өлтіруге қимай тірі қалдырады. Келіншекті «Құлпы Сарайға» қамап, кіші гаремде ұстауына жендеттеріне пәрмен береді. Бірақ Сабулай Баһарумнан ішінде тамшы қалғанын білмейді. «Құлпы Сарайдың» Бас билеушісі Дерпі Қыпшақ Бақоштар Бизор Харлық болатын. Сұлу келіншекке есі кетеді. Ғамсар Ғайып Ханға базыналық жасап өтініш қылады. Ғайып Хан көп ойланып, келісімін береді. «Құлпы Сарайда» думанды дүрілдеген той өткізіп, «Алтайдың бал шарабы» мен «Тараздың жүзім шарабын» суша ағызады. Дербіштер, Ахундар Ғайып Ханды көкке де, айға да теңеп жыр толғайды. Енді Бақоштар Бизор Харлық кеңесші би (уәзір) болып, Керегеней Сабулай «Бахарумның» орнына отырады. Ғамсар Ғайып Ханға Торы Ханнан тағы да елші келеді:
    – Оғыз Қоршылыққа соғысыңды тоқтат! Парсы, ауғандар тексіз болып кеткен! Олардан елші қабылдама, байланысты үз! Және Керегеней Сабулай «Баһарум» үшін ел алдына шығып жауабын бер! Болмаса ат құйрығын шарт кестім! – деп «Үшбу Хатнама» ұсынады.
    Бірақ Ғайып Хан райдан қайтпайды. Осы күннен бастап шаһар ішінде соғыстың дабылы жиі қағылып «Жайрасұндар» саны күннен – күнге өсе береді. Енді, атақты алым Әбу Нәсірет Әл Фараби Таңсәуір ғұламаға: «Ұшар қанатты Күн сәулесін ұстайтын қару істе!» – деп қаһарын тігеді. Атақты ұсталарды, елшілерді, жұлдызгерлерді өте қатаң түрде ұстайтын тәртіптің күшін енгізеді…
    Бұл дүниеден бақилық болған Керегенейдің бұрынғы үшінші жары Құрныз Айхон айы-күні жеткенде Отырар шаһарынан шығып кетіп, таң қараңғысы сейіле бастағанда дүниеге ұл бала әкеледі. Бұл мезгілдің қоян жылы еді. Сонда Құрныз Айхон қыйналып, көкке қарағанда «Тәмуршын»- деп аталатын құйрықты жұлдызды көріп: «О Ұлы Жаратушым! Ұлыма қайсар-қайтпас, мұқалмас жігер бере гөр!»- деп тілеп, ұлының атын Тәмуршын қояды. Тәмуршын 5 жасқа келгенде Отырарда мектепке барады. Оның артынан дүниеге тағы да төрт ұл бала келеді. Тәмуршын 11 жасқа келгенде Керегеней Сабулайдың орнына уәзір болған Бахтишор Бизон Ғамсар Ғайып Ханның саясатының бәрін түсінеді. Бұрын ішкі Сарайда жүріп сыртқы дүниемен зауқы болмайтын. Ғамсар Ғайып Ханның ішкі жан дүниесі: «Қазақ Қаһандай» әлемді бағындыру!», міне сол үшін сарбаздарға ең жоғарғы сыйлықтар беріп, ең ілімді алымдарды жанына топтастырып жан – таласып жатқаны да белгілі болды. Тәмуршынның өзінің баласы емес екенін де білді. Және күндердің – күні өзінде осылай өлтіретінін сезді, сезді де бір түнде төрт бала – шағасымен Оғыз Қоршылуқ қағанатына қашып кетті. Аңдыған жауы ізінен қалмады, ақыр соңы Тәмуршын он жетіге толған кезде Ғайып Ханның нөкерлері ұстап алып өлтірді, бірақ бұл үнсіз кетпеді. Бар шындықты және Тұғырыл Торы Ханды паналауды айтып және қалай бару керек, осы жолдарын Тәмуршынға түсіндіріп кетті.
    Дерпі Қыпшақ Бақоштар Бизор Харлықтың түбі сонау Қыпшақтың Оқсыз атасынан тарап Атаұллыға (Аттила-Еділ) қосылатын, Орқұт Тектілі елінен еді. Шыңғысханның кіндік қаны Керей елінің Морқұт тайпасынан, ал асыраушы, жетілдіруші әкесі Қыпшақ елінің Орқұт тайпасынан. Шыңғысханның анасы «Өлун Суйнық» – Қоңырат тайпасының қызы. «Өлун Суйнық» – деген сөз, ежелгі Сақ тілінде: «Бұ дүниеге өлмейтін Ұлы ұрпақ әкелген Ұлы Ана!» – деген ұғымды берген.
    Түсіндірме: «Баһарум» – дегені: «бірнеше елге ісімен, ілімімен танымал және әр елде осы кісіге лайықты орын бар!» – деген лауазымды шен, атақ.
    «Құрныз Айхон» – болашақ Шыңғысхан – Темуршынның Анасының азан шақырып қойылған аты. Қаншама қуғында жүрсе де өлмей, оның үстіне Тәмуршынды жетілдіріп осындай дәрежеге көтерген бұл Анаға Ұлы Тұран мемлекетінің Қағанаттарының Қаһандары «Өлун Сұйнық!»- деген ат береді. Бұл сөздің мағанасы: «Өлмейтін Ана – Өлмейтін Ұлы туған!» – деген текті ұғым екені жоғарыда айтылды. Кейінгі замандардағы Қытай және Батыс зерттеушілері бұл ежелгі Сақ сөзінің мағанасына терең бойламай, «Олеун» – деп атап кеткен. «Дерпі Қыпшақ» – 92 Ордалы Қыпшақты Елтіріс Қаһанның дәуірінде үшке бөлгенде Дерпі Қыпшақтар Омыртқалы Орта Башқа қосылады. Яғни Орта жүзге бөлінген Қыпшақтар дегені.
    «Болашым» – болашақ, келешек, ұрпақ деген ұғым. Шу-Тоғанақ – қазіргі Шу өзені бойында үлкен су тоғанын (бөгетін) тұңғыш салдырған Қарахан патша. Торы Хан осы жерге Қимақ қаласын салдырған, қорғаны болмаған. Халық су тоғандарына қарап Су тоған, кейін Шу -Тоғанға айналып кеткен. Қазақ хандығы қайта құрылғанда Айқарақ Керей Хан осы қаланы хандықтың орталығы еткен. Қазір бұл қала: «Шу» – деп аталады. Өндірісі дамыған үлкен темір жол торабы бар қала.

    Шыңғысханның қысқаша өмір баяны.

    Шыңғысханның туылған жері «Қызыл-бесік» «Қызыл – бөгет» – бұл елді мекен Отырар шаһарының түбінде. Шыңғысхан бес жасынан бастап Отырарда білім алған. Он бір жасқа толғанда өгей әкесі Дерпі Қыпшақ Бақоштар Бизор Харлуқ Отырардан қашып шығып қуғын-сүргінге түседі.
    «Харлуқ» – деген сөз билердің, тектілердің шығарған үкімін елге жариялайтын азамат, Гүрхан Сарайының беделді қызметкері.
    Бақоштар Харлуқ жанұясын алып қашады. Оның ішінде Шыңғысханнан басқа өзінің кіндігінен тараған төрт ұлы болған.
    Шыңғысханның азан шақырып қойған аты «Тәмуршын».
    Шыңғысханның кіндікті өз әкесі Морқыт Керегеней Сабулай Баһарүм еді. Ол Ғайып Ханның алтыншы кеңесші уәзірі болған. Ғамсар Ғайып Хан бұл азаматты бала-шағасы, бәйбішесі, кіші тоқалымен қосып бір түнде өлтіріп жібереді. Тек қана үшінші жары сұлу реңді болған соң, оның үстіне етегінен ештеңе өрбімеген, түскеніне жиырма тоғыз-ақ күн болғанын ескеріп, тірі қалдырады. Ол келіншектің аяғының ауыр екенін білмейді. Бұл Әлемді дүр сілкіндірген Шыңғысханның анасы еді. Шыңғысханның өгей өгей әкесі де өлетінін біліп, жанұясымен Оғыз Қоршылық Қағанатына (орталығы Балагерен қалашығы) қашып кетеді. Осы Балагеренде де тыныштық болмайды. Ақыр соңы Бөрілі Хантекті (Ұлытау) тауына барып жасырынады. Бөрілі Хантекті тауын кейінгі заманның тарихшылары бұрмалап: «Бөріхан» тауы – деп атаған. Бірақ бәрібір Ғайып Ханның нөкерлері Тәмуршындар осы тауды паналап жүргенде Бақоштар Бизор Харлуқты аңдып жүріп өлтіріп кетіп, Тәмуршын жанұяда ересек ұлдан бір өзі қалады.
    Тәмуршын осы Бөрілі Хантекті (Ұлытау) тауының «Көземер» сарқырамасына барып, Көктәңіріне жалынып, мінәжат жасайды. Қайтар жолына түскенде алдынан қазанның қақпағындай болатын «Көшпелі алтынға» ұшырасады. Сонда Тәмуршын Көктәңіріне сиынып тұрып:
    – Уа, Ата Бабамның Әруағы! Көктәңірінен байлық сұраған жоқпын! Балапан басымен, тұрымтай тұсымен қашқан, тоз-тоз болған Тұран Елінің бірігетін Туын сұрадым! Өсиеттің нұрын сұрадым! Қиыннан қиялап шығатын жолын сұрадым! – деп, жылай – жылай ұйықтап кетеді. Түсінде Кер Сақ Аб «Сансыз Баба» Көкбөріні жетектеп келіп аян береді.
    – Ей Арланның (ұрпағы) арқауы! Сенің еңірегенің Бөрілі Хантектіні оятты! «Көшпелі алтынның» саған жолыққаны, ол Көктәңірінің сынауы! Сен енді Тұғырыл Торы Ханның тонының шетін бас! Құндыз бөрікті сол жерден киесің! – деп ғайып болады.
    Табаны тозып, жырадан – жыра, елден – ел асып, төрт жыл дегенде бауырларын, Анасын жетектеп, өзін бөлеген бесігін арқалап, Таластың бойынан бұлғын атып алып: «Құр қол барғанша Тұғырыл Торы Ханға сыйлығым болсын!» – деп, бұлғынның терісін жолға алады. Тұғырыл Торы Хан Тәмуршынды ешбір кедергісіз қабылдайды. Бесігін арқалаған, қолында бұлғынның терісі бар, жанында бауырлары мен анасы бар Тәмуршынды Тұғырыл Торы Хан көргенде:
    – Уа Көкбөрінің арқауы! Мен бүгін түсімде тұғырына қона алмай жүрген қыранға, құстай ұшып барып бау тақтым! Түсім, ниетіме сай келген болар. Мынау бұлғынның терісін сыйлағаның менің көңілімді аулағаның шығар. Дүние қызыл түлкі, күз жамылғысын қыс өзгертер, мен оған қызықпаймын! Ал бесігіңді арқалап жүргенің, ол сенің қаның мен арыңның Тектілігін білдіргені! Мен тәнті болдым! Бауырларың мен анаңды бірге алып жүргенің Тұран Еліне деген Мейірім, Шапағатың шығар! Менің есігімнен кіргеніңмен төрге шығуың үшін, біраз тер төгіп, сыннан өтуіңе тура келеді. Осыған шыдайсың ба?! – дейді. Сонда Тәмуршын орнынан атып тұрып:
    – Терімді cылып алыңыз,
    Сүйегімді қалдырыңыз!
    Балшықтай илеңіз!
    Тастай түйіндеп толтырыңыз!
    Мен көндім! – деп, басын иеді. Осыдан әрі болашақ Ұлы ҚаҺанның жаңа өмірі басталады.
    Түсіндірме: Әлиасқар Байғұтұлы қарияның айтуы бойынша (ол кісі Сыпыра шежіреші және Ата-Бабалардан қалған «Ізбөрі», «Бестаңба», «Ғасыр табақ насияты» және «Журнақ» деген сонау көне «Сансыз» Сақ Аб заманынан жеткен киелі тарихи «Құт-Абтары» (кітаптары) болған. Сол мұрахаттардан жеткен ескі сөздерді бұрмаламай жүйелеп, жат көздерден тасаланған ұғымдарды ашып, ұрпақтарына жеткізуге тырыстық.

    Торы Ханның айтқаны.

    – Қаз – деп айтсаң қаларсың!
    Ах – деп айтсаң аларсың!
    Мынау киелі Далада
    Қан төгуді доғарсын!
    Қан уыстаған фәндәләр
    Өз жүрегіне қол салар
    Қару ұстаған ожарлар!
    Тектілердің алдында
    Кімде болсаң осалсың!
    Перзент келер фәниге,
    Қайтар жолы қараңғы!
    Келместің кілті Аллада
    Барар жерің хабарсыз!
    Тектілердің өсиеті,
    Өмір бұлақ арнасы!
    Киелісі ажалсыз,
    Жерден биік Рухы!

    P.S.
    Бұл үзінділер алдында тұруы керек еді. Айып етпейсіздер.

  2. Тәмуршын Қаһан Отырарды алып Хадүр Сом Тайжал Ғайып Хан Башылық Гүрханды ұстап бетпе – бет сөйлесуі
    —————————————————————————-

    Бұл «Мәссағат» – туралы Дасқұт Ұсалы Жәдді ағаш усалы тері кітапқа киелі жылауық тіспен «О, Тағала!» – деп бастап:
    «Тәмуршын Қаһан «Зұлмарттан» құйылған көксауытын шешіп, құндыз жағалы бұлғынның терісінен тігілген, алтын жеңі жібекпен қамқалған, көздің жауын алатын «Шүлжібек шапанын» иығына жауып, басына айыр қалпағын киіп, тоғашылар ұстайтын қызыл тобылғыдан жасалған, қоңыраулы аса таяқты қолына алып, көк тастан ойылып істеліп асыл тастармен, айдаһар сүйектерімен көркемделген түстіктің тіл соғар тістерінен, білек басар тұсы зергерлердің қолымен өте керемет сәулеттенген Торы Ханның өзі силаған, сонау Забур патшадан жәдігер болып, өзіне дейін мұрагерлікпен жеткен Көк Жаһіл таққа алғаш рет еркін отырып Аламан шулаған топтың алдына Керей Жайрасұндарын көлденең тізіп:
    – Гүрхан Башылық Ғайып Ханды алып келіңдер! – деп пәрмен берді. Гүрханды алып шыққанда халық қатты шулап, тәртіпті бұзды. Алаңда алмас қылыштың суық ысқырығымен бірден бірнеше бастар домалап түсті. Жамағат саппа тиылды. Қаһан жамағатқа қолын көтеріп сабырлыққа шақырды. Бұл ұмтылған топ Хадүр Ғайып Ханға қарғыс айтқан және айдаһарға денесі тасталған отыз тоғыз Қағанатбасылардың туған – туысқандары еді.
    Тәмуршын Қаһан:
    – Уа, Башылық Гүрхан! Сен туылғанда Қызылқұмда Торы Ханның бір мың сарбазын құм жұтқан екен. Ал енді Сені таразы басына саларда Торы Ханның Бір жүз мыңдығы құрбандықтың құрығына ілінді?! Киелі Отырарды жан – жағынан кебінге орағаның келе жатқан ізіңнің өзі айтпаса да жауап тапқандай!
    – Уа, Ғайып Хан! Ешқандай Заңғар қолбасшы екі анадан туылмайды, сүйегі асыл, тұқымы текті пенде болса да, екі кіндік болмайды. Сені жабылып сары аязға тұншығып зорға алдық. Жабылып алу жеңілгеннен де, өлгеннен де жаман, саған түсетін құнның қай тұсына шықсамда тілге байлауға келмейді! Тек қана қылыштың жүзіне таңу дұрыс деп таптым, сондықтанда «Сенің үкімің Әруақтан!» Мен киелі даланың «Ізбөрісінен» аспаймын! Қалған тағдырыңды «Киелі тасқа» салдым! Мен Сенің қайсарлығыңа бас идім! Енді Сенің басқа ғұмырың басталар! Соңғы айтар лазымым мен жеңілдім, сондықтанда саған Билер тарапынан табынарлық ұсыныс бола қоймас…
    – Сенің етегіңнен ұстағандарға кешірім жоқ, себебі олар екі дүниесінің несібесін тауысты! Әр саусағыңның арасындағы күрең жолды жою, ол менің құдретіме берілген қасиет емес! Ұзамай сенің жолыңа олар да аттанады! Бірақ «Күн сәулелі Отырардың» зарлы үнін мен емес, Сен арқалап бара жатырсың! Міне осы жеріне келгенде Сен жеңілдің! Желкеңе көз таста! Жеті Әулиенің нұрлы киесі Арқаға ауып барады!» – деп Қаһарлы Қаһан сөзінің соңын жаралы жолбарыстай ашуға тола азалы үнмен аяқтап:
    – «Шығысқа жол ашыңдар!» – деп, даусы шаңқ ете қалды.
    Жайрасұндар найзаның ұшындай жиналып, қылыштың жүзіндей жарқ етіп екіге бөлінгенде халық бірінің үстіне бірі шығып, шыңғырған дауыстар Отырардың бұзылған тар көшелерін айқай – сүреңге толтырды» – деп аяқтапты.
    Түсіндірме:
    Бір жүз мыңдығы – Отырарды сартауылдардан азат ету кезінде Тәмуршын – Шыңғыс Хан жағына шыққан Тұранның он алты Қағанатынан жиналған әскерінің жүз мың сарбазы құрбан болған. Жәдді – сөзі, шайыр, жылнамашы, хатшы деген ұғым болса, О Тағала! – деп, бұл жерде аса ауыр оқиғаларды жазарда жәдділердің Тәңіріге сиынып, жалынып, жалбарынуын білдірген. Тоғашы – той бастайтын, көкпар бастайтын тойбасшылар.

    Тәмуршын – Шыңғысханның Отырар шаһарындағы Билер сотына қатысуы. Италия музейлерінен алынған.

    Адам басына «құймақ» (маска алу) құю, не себептен істелінеді?
    —————————————————————————-

    Бұл рәсім «Құсілім» заманынан қалған. Құймақты ең атақты, даңқы жаһанға жайылған, қайтыс болған азаматтардың бет – бейнесін алып қалу үшін басына құяды. Бірінші бет бейнесін, екінші желке жағын алады. «Құймақ» ретінде араның балауызын немесе тау сағызын қолданған. Кейін осы құймақтың негізінде, жасалынған арнайы қалыпқа көсемнің бет-бейнесі Елге жасаған қызметі мен беделіне қарай алтыннан, немесе күмістен құйылып патшалардың сарайларына қойылған.
    Сақтар дәуірінен келе жатқан ежелгі дәстүр бойынша, Ел мүддесін, Отанын сатқан Ел басқарғандарды Бөрілі Хантектідегі (Ұлытау) «Ақыра» – деген киелі жерге апарып жазалаған. Билер Сотының шешімімен Сом Тайжал Ғамсар Ғайып Ханды «Ақыраға»

    Тәмуршын – Шыңғысхан. “Turk Buyukleri”. Milliyetin TARIH ve kultur eki. Stambul» кітабынан алынған.

    жазалауға апарған кезде, қара бұлт пайда болып, бір ақ жылан бір іннен шығып, бір інге кіреді. Ежелгі киелі дәстүр бойынша күнәсі мойнына қойылады. Сонда Ғайып Ханның өлер алдында айтқаны:
    – «Арқаға аузым батпайды,
    Батысқа атым шаппайды!
    «Көк Бөрінің» киесіне жолықтым,
    Бағаламадым, басымнан бақ тайды!» – дейді.
    Сонда Билер Соты:
    «Екі көзі дүниеге тоймаған
    Аузыменен адасып,
    Сөзге құлақ қоймаған!» – деп, өлім жазасына кесіп, басын алуға бұйырады.
    Ал Тәмуршын ашу-ыза кернеп өлім жазасына кесілген Хадүр Сом Тайжал Гүрханға құймақты өлмей тұрып тірі кезінде құюға бұйырады және құярда ант ішеді:
    – Егерде осы Хадүрдің бет – бейнесі тура айнымай шықпаса, онда менің де күнәмнің ауыр болғаны! – деп, өзінде өлім қаһарына тігуге пәрмен береді. Хадүр Ғайып Ханды «Ақыра тасқа» күшпен қол аяғын байлап жатқызбақ болғанда, ащы өкініш пен ызадан әрі батыр, әрі алып Ғайып Ханның жүрегі жарылып, өліп кетеді. Балауыз «құймақты» құйғанда, істің орайы тура келіп Хадүрдің бет – бейнесі айнымай тура тірі күніндей елес беріп құйылып шығады. Құймақты суытып теріс айналдырып, қымыздың салқынына жуып, мұздай сумен шайып халыққа көрсеткенде ел тізесіне құлап: «Шыңғыс!» – деп шулапты. «Шыңғыс» – деп шулауы: «Сенің ешқандай күнәң жоқ, қанішерді лайықты жазаладың!» – дегені екен. Сонда Тәмуршын – Шыңғысханға Ұраншысының айтқаны:
    – Құрсақта кеткен ұл едің
    Құрығың жетті Хадүрге!
    Тектіден қалған «Тамшы» едің,
    Тамырың кетті тереңге!
    Ойлан Қаһан, от баспа!
    Құрқұлтай құстай шөп жинап,
    Ұясын көтеріп, «Жарғұп» жаз!
    Бабаң Қарахан Оғландай
    Байрағың тұрсын әр елде!
    Тәмуршын – Шыңғысхан Хадүр Сом Тайжал Гүрханды Тектілерге ылайық дәстүрмен, Бөрілі Хантекті тауынының «Қыран ұшар» – деген жеріне арулап жерлеп, барлық жөн – жоралғыны жасауға пәрмен береді.
    Ғайып Хан киелі құдықтан алдырған, киюге тыйым салынған Ұлы Алаш Қаһан мен Қазақ Жал Қаһандар ғана киген «Алқазы Шәрмүзір Һаронаны» қолына да ұстамастан қайтадан киелі құдыққа салдырып, киелі ілімдер мен құпия жойқын қарулардың жазбалары бар кітаптарды да жер асты «Стандарына» тықтырып, құпия құдықтар мен жер асты жолдарын талқандап, және осы құдыққа қатысы бар деген шаһарларды да талқандап біржолата елдің ойынан аластатады. Бұл оқиға «Бестаңба» кітабына Шыңғысханның бұйрығымен бүге-шігесіне дейін түсіріліп, жазылып, оны алымдарына талдатып, түп нұсқаға түсіріп осы кітапты да киелі құдық, жер асты құпия қоймасына жасыртады. Жазған пендеге өміріне жететін нәпақа, сыйлық беріп, және ол азаматты Жампозы тоқыма Жеті Самурын (Жапон Елі) Еліне ешкімге білдірместен құпия түрде шығарып салады. Шыңғысхан Әбу Насыр Әл Фараби Таңсәуірдің «Жұлдыздар иснамасында» осы киелі құдыққа тастатқан.
    Түсіндірме:
    «Төре Гүрхан» – Тәмуршын кейінерек «Шыңғыс Қаһан» деген атақты отыз жеті жасында Тектілердің алдында «ант-су» ішіп: «Менің атам, бауырым, туысқаным жоқ, Көктәңірі бір өзіңе бағынамын! Сондықтанда менің өмірім бел мен кіндіктің тұсында өтті, тағдырым осылай болды!» – деп, «Төре» Гүрхан атанды.
    «Төре» – деген сөз Құсілім заманынан қозғасақ бел мен кіндіктің тұсы, құрсақта келген «Өгей ұл» – деген мағана. «Төре» – Тектіге де, тексізге де кірмейді, бірақ екеуіне де билік айтады.
    Сом – тіршіліктегі қабілетіне берілген баға. Тайжал – азан шақырып қойылған аты. Ғамсар – айналасындағының бәрін қаусатқыш деген ұғым. Хадүр Гүрхан Ғайып Хан – «Һаронаны» басына кигеннен кейінгі, өңмен – түстің арасындағы берілген шен. Ғайыптан пайда болған деген сөз. Елдің дүрлігіп шошып қойған аты, яғни бұл бір елес сияқты Ғайып жан. Ат тұяғы, құстың қанаты жететін жердегі елдердің бірі түңілсе, бірі: «Бұлай болуы мүмкін емес!» – деп таң қалған. «Ашқабасұр»–Найман Қағанатының билеушісі.

    Ескерту:

    Бұл үзінділер “Отырар, Бестораңғыл, Қарақоңыр, Қостүйінім…” кітабынан алынды. 2011 ж. “Азиат” баспасынан шыққан. Қазақтың соңғы Сыпыра шежірешісі Әлиасқар Байғұтұлының мұрағаттары негізінде жазылған. Эл. адресі: Kazneb.kz.

  3. Тұғырыл Торы Ханның «Тәмуршын – Шыңғысханға» айтқан өсиеті.
    ———————————————————————–

    Тәмуршын қуғын-сүргін көріп, Торы Ханнан пана табады. Торы Ханның пәрменімен Тәмуршін ғұлама – алымдардан ілім – білім сабағын алып, 7 жылда 11 тіл үйренеді. Мықты әскербасы сайыскерлермен машықтанып, жекпе – жек пен бес қаруды қолдану шеберлігі мен соғыс жүргізу тәсілдерін жан – жақты меңгеріп болған соң Ділмар Аягөз Торы Хан өз сынынан да толық өткізеді. 7 жылда қарапайым сарбаздан ноян, баһадүр дәрежесіне көтеріледі. Тәмуршынның жасы 24 – ке толған соң, Торы Хан бір күні өзіне шақырып алып «Ғасыр Табақ» насиятынан, Уәж, Үлкер қос бұлақты «Айыртау», «Құсілім» – заманынан қозғап, алдында жатқан «Ізбөрі», «Бестаңба» – құтабынан шежіре үйретіп, «Өзен Байқадам» тарихатынан таратып, шешендікпен сөз бастайды. Сәбәбі тура сол заманда «Атажұрт Қазығұртқа», Тұран Еліне сартауылдар тарапынан, Жаһандық соғыстан төнген қауіптен алдағы уақытта болашақ ұрпақ не болады?» – деп ойлап, өсиет өрнегін таратады:
    – Ей, Тектінің тамшысы! Тыңда! Тұманды ойыңды үркітейін деп тұрмын!
    «Қызыл Шүңірек» – ғұмырдан асқақтағалы «От Ұрар» – бой көтерді. Маңдай алды жарқыраған, арқыраған аузынан от шашып тұр. «Әл Фараби» – деп түстік түбін танып, Ұлы ғұламаны айналдырып азғын болған Арсат, Парсаттар, Тәжүркілдер: «Бізде Қазақ Қаһаннан тараймыз! Қазақпыз!» – деп, Ұлы Тұран Елінің «қазанын айналғанына тура жеті жүз айдың етегін толтырады?!!» Ал енді: «Қай жерден қисық түтін шығарам!» – деп, нақақтан қан төгіліп 63 Қағанат 7 сарынды ұстап, «жетім байрақ», «баянсыз дәуір» кешуде. Әл Қайыр Данышпан Гүрханның үрім – бұтағынан бақ тайып, «Балапан бата» мен Тұран Елінің алтын тағы «Сүре етек тоқымына» бұйырды.
    Ұлы Ата Тұрант Елінің іші «Самбыға» бөлініп, «Үш құп Ұлы Анасынан «Нәу Офат» сұрап тұр. Жұмыр ғаламаттың «Жер Зембі» – аты болса, «Төрт Құб Ұлы Анасы» бар. Осы төртеудің «Бас Тұғырын» өзіңе тапсырайын деп тұрмын! «Төрт Алқаны» – айтқан халықты қаһарыңа ал! «Жихад» – деп зіркілдегендерді қатарыңа ал! «Ғуаш Монах» – деген халықты қаусарыңа ал! Қалың алма, қаймағын төкпе! Бүйрегін суырып алсаңда, Анасын сөкпе! …
    Қандай қиямет – қайым келсе де, «жөгіттерге» сенбе! Тілі – тіршіліктің құрбаны, Әділдіктен бездірер! Атаң Қазақ Жал Қаһанды айтса да сөзіне ерме!!!
    Ұлы «От Ұрар» шаһарынан ер – азаматтардан ғұламалар көп шыққан. Ұстаз, Ғұмыр ілгі Тәрфуз киіп, оларды «Көке» – десе, «жіңішке жолдыларымыздан» да небір ойшылдар шығып, оларды: «Әйке» – деп атаған. Жұмыр Жер Жаһаннан небір алымдар кезінде басын иіп келіп ап, енді қазір көре алмаушылықтың құрығын сілтеп тұр. Олар Ғамсар Ғайып Ханды қолдауда. Мен «Болашым» – үшін Исфаһан шейітпін!
    – Уа, желбір тартар «Үрімшім», Балбалым! Таңба басар мұрахатым, бұйымтайым! – деп айта келіп, кеңінен тыныс алып, айналасы құлаққа ұрғандай тынышталып өсиетін түйіндей түбін бір сілкіп:
    – Адам Ата, Хауа Ана,
    Ана Жұртым Өр Алтай!
    Кер Сақ Аб «Сансыз Бабама!»
    Он сегіз мың Ғұлама
    Сапар айы: «Қос Ілме!»
    Ата Жұртым Қазығұрт!
    Сақтан Арды сұрасаң,
    Тәуба, Тәуекелді сұрама! – деп қайырыпты.
    Түсіндірме: «Ізбөрі», «Бестаңба» – Ұлы Бабалар заманынан келе жатқан кітаптар. «Айыртау» – Қазығұрт тауының ежелгі аты. «Құсілім» – топан судың қайтып, тіршіліктің қайта жандануы.
    «Өзен Байқадам» – топан су кейін қайтқанда ең таза, мөлдір, суы тәтті бұлақтары мол болған, Нұх пайғамбар бастаған адамдар мен жан-жануарлар қанып су ішкен, қазіргі Шымкент шаһарының батыс жағын кесіп ағып жатқан Бадам өзенінің «Құсілім» және Сақтар замандарындағы ежелгі аты. Ата – Бабаларымыз қадірлеп, бүлдірмей таза ұстаған, суы балдай тәтті бұл өзен қазір жер қадірін білмейтін, су қадірін білмейтін азғынданған қоғамның арқасында қоқысқа көміліп, неше түрлі сұйықтықтармен ластанып, жыл сайын наурыз айларында жағалауларындағы тазаланатын бала бұлақтары көміліп, су деңгейі төмен түсіп адам аярлық жағдайға жеткен…
    «Қызыл Шүңірек» – Отырардың бұрынғы аты. «От Ұрар» – алғашқы оқ – дәрімен атылатын, шілте-мақтадан тез тұтанатын оқ –дәрі, от шашатын қарулар тұңғыш рет осы «Қызыл Шүңіректе» ойланып табылып, осында жасалған. Сондықтан «отпен ұрады, от ұрып тұрады!» – деп, кейін тіліміздің үндестік заңымен «Қызыл Шүңірек» – сөзі – Отұрарға айналған. Арсат, Парсаттар, Тәжүркілдер – деп, араб, парсы, тәжіктерді атаған. Яғни олар да Қазақ Қаһаннан тарағандарын бетке ұстап, өздерін: «Қазақпыз!» – деп, Отырардан шыққан Әл Фараби Таңсәуір сыяқты алымдарды алдап – сулап, олар жасаған ғылыми жетістіктерді меңгеріп, ұрлап әкетпек?! – деген ұғымда айтылған. Тастардан жарық шығарып түнде айналаны жарқырата көрсететін «Күн Назар» – деп аталатын қондырғы да осы Отырарда тұңғыш жасалып, түнде Гүрхандар аспанға, айналаға бағыттап тамашалаған.
    «Сүре етек тоқымына» – бұл сөздің мағанасы: «билік, үкім басы жиенге кетті» – деген ұғым екен. Тұран Елінің басшысы Әл Қайыр Данышпан Гүрханның жалғыз ұлы Балжар Хан қылқалам мен өнер әуезіне беріліп, тақтан бас тартып, одан жіңішке етектің жолынан адасып Жампозы Жеті Самурын (жапондар елі) аралына асып кеткесін Отырарда Тұран Елінің тағына Әл Қайыр Данышпан Гүрханның туған жиені соғысқұмар, даңққұмар Сом Тайжал Ғамсар Ғайып Хан отырады. Бұл жерде Торы Хан осыны меңзеп айтып отыр. «Көке» – деп, ер-азаматтардан шыққан алым – ұстаздарды айтса, «Әйке» – деп, әйел затынан шыққан алым-ұстаздарды айтқан. Мұндай алымдар Отырардан көптеп шыққан. «Төрт Алқа» – яғни бұл жерде: «христиандық кресшілер жорығын жасаушы халықты жазала!» – дегені. «Жихад» – деп: «Ислам дінін бетке ұстап, бөтеннің жерін, елін, дүниесін жаулаушы дүниеқоңыз патшаларды құртып, халқын тура жолға салып қатарыңа ал!» – дегені. Исламда зорлап дінге кіргізу жоқ, яғни «Жихад» – дегеннің Исламда, Құранда жоқ екенін Торы Ханнан естіген Шыңғысхан осы өсиетті берік ұстап өткен. «Ғуаш Монах» – бұл жерде: «ламайизм дінін тартушы халықты қыспаққа ал!» – деп отыр. Бір жарым ғасырдан кейін Әмір Темір Көреген Қазақ жеріне дін соғысымен тағы да келген осы «Ғуаш Монахтарды» «Қан Дарбазада» (Сарыағаш қаласына жақын Дарбаза темір жол бекеті) қырып: «азғындардың сүйектері жерімізде қалмасын!» – деп, тау – тау қылып жиып өртеткенде, қоңырсыған сасық иістен шошып жыландар ауған замандар да болған.
    «Самбыға» – деген сөз, ежелгі Сақ тілінде «жетіге бөлініп кеткен» – деген ұғым.
    Ұлы Тұран Елінің «қазанын айналғанына тура жеті жүз айдың етегін толтырады?!!» – деп айтқаны: «Парсылар мен шейхтардың Дін Исламды бет – перде қылып, неше түрлі қитұрқы жолдармен Алты Алаштан тарағандардың Текті тілін шұбарлап, ділін әлсіретіп, өздерінің тексіздікке әкелер әдет – ғұрыптары мен жақындарымен қыз алмасуды уағыздап, тықпалап жатқанына да 58 жылдың жүзі болды!? Енді міне мақтау сүйер Ғамсар Ғайып Ханның басын айналдырып, Тұранның билігіне араласып, әскери күштерін басқа елдерге биліктерін жүргізіп, байлықтарын иемдену үшін пайдаланып, Жаһандық соғысты тұтатып жіберді!?» – дегені екен. Шындығында Гүрханның айналасына жинап алған ақылмандары араб пен парсы, етүрейлер Ғамсар Ғайып Ханды жеріне жеткізе мақтап көне түркі таяқша жазуларды қолданыстан шығартып, оны араптың өрнекті жазуымен алмастыруы мен мемлекет істеріндегі түркі тілімен қатар арап пен парсы тілдерінің де қолданылуы кең түрде белең ала бастайтын уақыты да осы кезеңнен бастау алған…

    Шыңғыс Ханның Ұраншысы Инақты Баян Үлкей Балбалы Жәдді
    ———————————————————————————

    – Шын Әруақты алысса,
    Таразысын Тәңірқұт билейді!
    Тектінің пірі алысса,
    «Балбалы» – таста аты қалар
    Топан су шаймай өлмейді!
    Дәштілер Дара туылмай
    Керейден Гүрхан келмейді!
    «Ей» – деген қоспа қатты сөз,
    Кер, Кереге, Кереку – деп,
    Керді неге бөлмейді?!
    -Уа, Гүрхан тыңда!
    Балбалың – алпыс ойлы арманың!
    Қолыңа төс ұстатып,
    Балға салса йығыңа,
    Қызығын қума жалғанның!
    Қазақ Қаһандай жалпы бол!
    Забур патшадай жолды бол!
    Зұлқарнайындай жұлқынба!
    Әр ісіңді бастасаң,
    Көрегендердің соңы бол!
    Түсіндірме:
    Инақты – йықты деген ұғым, Баян – жәдді, жылнамашы, ұраншы, жыраудың азан шақырып қойылған аты, Үлкей – түйенің ішіндегі ең шыдамды дегені.

    Дасқұт Уссалы Жәдді Ұлылар туралы.
    ——————————————————–

    – Таңжарық дара жұлдызшы,
    Тараз шаһарын көтеріп
    Әлемге ілімнің сәулесін силаған!
    Әбу Нәсірет Таңсәуір,
    Қағанат дүр «Күнзүр Отұрарды» әспеттеп,
    Көзінің нұрын тауысып,
    Данышпанның ілімін жинаған!
    Түкті Баба Шашты Әзиз,
    «Отыз етек» мешіт тұрғызып Жәмиге
    Имандықтан сауап құйса да,
    Бұл да мәңгілік тұрмаған…
    Сом Тайжал Ғамсар Ғайып Хан
    Астамшылыққа бой беріп,
    Әзәзіл тексіздерге жол беріп,
    Алынбайтын Отұрар,
    Жалынбайтын Отұрар,
    Жаһаннан ұста жисаңда,
    Салынбайтын Отұрар,
    Сен де бір осылай қираған…
    Қорқыт, Мизам Бабалар
    Уаз Мұхаммед пайғамбар,
    Жекен Шайық Бабашым,
    Қара Бура әулие,
    Жазбай таныған данасын!
    Бабашым айтқан Әз Хұлмат,
    Бұрмай тура болжаған,
    Ырзығы хұрма осы Даладан,
    Оларда туды – ау Анадан!

    Ескерту:

    Бұл үзінділер «Отырар, Бестораңғыл, Қарақоңыр, Қостүйінім…» кітабынан алынды. 2011 ж. «Азиат» баспасынан шыққан. Қазақтың соңғы Сыпыра шежірешісі Әлиасқар Байғұтұлының мұрағаттары негізінде жазылған. Эл. адресі: Kazneb.kz.

  4. Дүниені дүр сілкіндірген Шыңғысхан тұсында 1100 жылдары қазақ деген халықта, атауда болмаған. Жақында ғана қазақ хандығының 550-жылдығын тойладық 2015-550=1465 жылы көп рулардан құралған қазақ халқы пайда болады сол қазақ халқының ішінде кәзір қияттар да бар, төрелерде, төленгіттерде бар, ал менің қағанға еш қатысым жоқ мен қыпшақпын, қазақтың қара домалақ бір баласымын. Ұлт кейін пайда болып бұрынғы адамды сол ұлтқа жатқызған дұрыс емес сияқты. Сонда Қағанның өз уақытысында ұлты болмаған болып шығады. Орыс тарихшыларына сенеберген дұрыспа. Өз басым сенбеспін.

  5. Шыңғысханды қазақ қылғанда не ұтамыз. Бойыңа желік бітпейді, жеріңнен айырылып жатырсың. Өз өзіңе келе алмай еркіңнен айырылып жатырсың. Шыңғысхан деп шыңғырғанда бәрі жөнге келе ме? Әуелі тірі Шыңғысханнан құтылып ал.

  6. Бұған Моңғолдар қалай қарайды екен? Олар Шыңғысханды құдайдай көреді. Әр үйдің, әр кеңсенің төрінде соның суреті тұр (айтпақшы, біздегі сияқты тірі адамға табынбайды ). Президенті де оны өзіне пір тұтады. Ал біз Шыңғысханды қазақ қылдық дейік, сонда осылай жасай алар ма едік?

  7. жанашырдың жан айқайы белгілі болды,атасынан арғыны танымайтын тексіздерде өзінше оттайды екен-ау. Дүнген мен ұйғырдың көт қиынан жаратылған жансыз, енді найман керей қоңырат деп арамызға сына қақпақшы,сен надан болды екен деп біз надан бола алмаймыз,ішің күйсе тұз жала.Тексіз жаратылған тексіз. Ұлы Ұс-Алаш.

  8. Ойхой, орарақ. Дүңкілдет қазақ, желкілдет қазақ, желпілдет қазақ. Көтеніңе бір жебең жел беріп қойса, қалма қазақ. Шап та шап. бәрі сенікі не қыласың. Ескерткіш орнатайық Шығаңа. (Бір Шығаңды аспандатып едік, екіншісін қалдырмайық) Бірақ соны найманның ба, керейдің бе, қоңыраттың ба, қайсының жеріне орнатсақ екен? Бәрінен де сол тартыс қиын болады.

  9. Ұлы қан,данышпан қолбасшы,алтын үрықты бабамыздың түптің-түбінде туған қалқымен табысып қауышатынына ешқашан күмәнданған емеспін.Менің тек айтарым Темірші бабамызды қан көтерген кезде он екі би мен қалың қол,»Қыран аласаға қонбайды»-деген ниетпен Тәңірі құсы,қыранға балап Шың Ұс/Шынғ Ұс яғни Шың Құс қан деп ұлылап қан сайлаған.Ол оң қанат,сол қанат деп ел басқарған.Әрі туына қыран құсты бейнелеп мың қол әскеріне «Момын қалықтың арасында жүргенде,қошақандай момын бол,ал шайқасқа шыққанда аш бүркіттей шүйлік»-деп өсиет еткен. Ұлы Ұс-Алаш.

  10. Алтай Қазақтары «Наймандар, керейлер, қияттар мен мер­кіттер моңғол емес, түркі тайпаларына жатады. Олардың ұрпақтары қазіргі Қы­тай жерінде өмір сүріп жатыр, тілдері қа­зақ­ша. Шыңғыс хан өмір сүрген тұста оның империясында қазаққа жақын ұй­ғыр тілі мемлекеттік болған. Темуджиннің әке­сі (қазақша Теміршін болып айты­лады) Есүгей қияттардың ханы болған. Шешесі Оян меркіт руынан. Шыңғыс хан­ның әйелі – Бөрте қазақтың қоңырат руынан шыққан. Оның барлық ұлдары түркі есімдерімен аталды. Шыңғыс хан­ның өзі қазақ тілінде «Шұғылалы хан» де­ген мағынаны білдіреді. Моңғолдарда ол кезде де, қазірде де ондай есімдер бол­ған жоқ. «Хан» деген сөздің өзі моңғол емес, түркілердікі. Моңғолдар өздерінің бас­шы­ларын «қонтайшы» деп атаған. Шың­ғыс ханды әдеттегі қазақтың құрыл­тайын­да хан көтерген. Ал моңғолдарда мұндай сөз жоқ. Тәңірге табынатын тек қа­зақтар ғана қайтыс болғандарды аз адам білетін, құпия жерге апарып жер­леген. Бұл дәстүр туралы Алтын Ордадағы еуропалық елші Плано Карпини жазған. Ол кезде моңғолдар өлген адамдарды молаға апарып ашық аспан астында қалдыратын болған» дейді тарихшы Владимир Брониславович Белинский ақпарат агенттігіне берген сұхбатында.

  11. Осыдан түсіне бер, қазағым, неліктен 22-жылдары қазақтың жартысын жасанды ашаршылықпен қырғанын, кейін де басқалары жіберіп, барынша орыстандырғанын. Әккі саясаттың арқасында нақтылы қазақтарды ғана, мәңгүрттендіру, жалтақтандыру саясатын жүргізіп, планета жұртшылығына түсініксіз ұлт етіп жасағанын

  12. Қайдағы Белинский, Қалибек Данияровтың «Альтернативная история Казахстана» дегенін оқысаңыздар. Оны тарих ф-тінің студенттеріне де береді

  13. Шыіңғыс ханды қалай қарасақта өз руларымызбен байланыстығы өте тығыз. Сол кездері қазақ дегенді ұлт деп аталмаған, көбіне ру тайпалық қатынастармен жүрген, сондықтан әрбір рудың ішінде Шыңғыс ханға қатысты аңыз әңгімелер бір-бірінде кездеспейтіндігімен де ерекшеленеді. Бұдан рулық институттың тереңділігін және жан-жақтылығын көреміз. Біздің аталарымыз Шыңғыс ханды сонау Сырдың жағасынан барып, ақ киізге көтерген барша көшпелі ру-тайпалардың Тәңірден келген аманатымен ұлы хан қылып қабылдаған. Тек көк бөрінің ұрпағы қайта түлеп әлемдік саясатты өзгерте алады, себебі жаны жайсаң еркін тулаған қанның күші Шыңғыс хан жасаған үлкен істердің артында тұрды…

  14. Аталған бір орыстың жазушысының Шыңғысханды қазақ деп мойындауы, қазақ үшін мәртебе. Жихангер қолбасшы жаханды тітірентіп, жойқын жорықтар жасауы әрине тарих. Оны қалай десек те дәйек екенін, өзі өткен соң сол аймақта ірі мемлекеттердің пайда болуына, жаңа ұлттардың пайда болуына әсер еткені шындық. Қатал қолбасшының өзінің қатаң қағидаттарының болғанынан жеңіске жетіп әлі күнге дейін адамзатты таңқалдырып келе жатқаны жасырын емес. Қазіргі тілмен айтқанда меджерлік қасиет яғни жүз мыңдаған адамды қоректендіріп, қаруландырып, аз уақыттың ішінде алыс жерлерге тасымал жасауы қазіргі стратегтердің өздерін таңдай қақтырып отыр. Өзінің түбінің қазақ екені айналасын қоршаған қазақ тайпаларынан екенін жоғарыдағы орыс азаматы да көріп әділдік болсын деген пікірін жазыпты. Ол кісі қият болсын, қоңырат болсын өз халқын енді тауып келе жатқан сияқты. Ол кісіге таласқан халықтардың ішінде қазақтардың аталарының жаурек болғанын дәлелдейтін мкақала екен. Бір бала

  15. Бағбан егін егеді, жазушы кітап жазады, қолбасшы шайқасады – яғни адамдар өліп, қалалар қирайды. Александр Македеонскийді, Наполеонды (жеңіліп қалса да) неге өзге ел құрметтейді? Олар адам өлтіріп, қала қиратпаған ба? Егер Шыңғысхан қазақ емес, өзге ұлт, мейлі ағылшын, француз, орыс т.б. болып шықса, онда олар не істейтінін елестете беріңіз.

  16. Шыңғыс ханның қазақ екенін, қияттан шықса, қият түркі тайпасы екені, қоңыраттардың түбі екені айқын, 2000 жылы шыққан «Қазақпарат» баспасынан шыққан «Қазақ шежіресі» (Қазыбек Жарылқасынұлы) кітабында мен жазған едім. Ол кезде Шыңғыс хан туралы айтыс басталмаған кез, ешкім елеңдей қоймады. Өмірін шыңғыс ханға арнаған белгілі мәскеулік ғалым жазса, біздің болжамымыз тұп-тура болғаны. Әлемнің № 1 қолбасшысы қазақ болғаны, түркі болғанына (мәселе руында емес, кім болса, ол болсын) қуануымыз керек! Ел болып, бүкіл түркі болып қолдап, қуаттап кететін ең басты жаңалық!

  17. ТАРИХШЫ ВЛАДИМИР БЕЛИНСКИЙ ШЫҢҒЫС ХАН ҚАЗАҚ ДЕГЕН ТҰЖЫРЫМ ЖАСАДЫ Оның пікірінше, орыс тари­хы­ның бұл фактілерді бүркемелеуінің сыры – кейіннен орыс империясына кіріп, орыс патшаларының қоластында болған қа­зақтардың бір кезде сол орыстарды ба­­ғындырғанын мойындағылары келме­гендігінде. Сондықтан әлемді жаулау­шы­лардың бүкіл даңқын алыстағы моңғол­дарға таңып берген.

Пікір жазу

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз