Зайытов: “Митингке шықпаймын. Ол халыққа пайда әкелмейді”

0
1540

Айтыскер саясатпен айналысуға әлі де дәмелі. Партия құрмақ әуселесі жүзеге аспаса да, Зайытов күндердің-күні саясатқа қайта айналып соқпақ.

Бұл туралы танымал айтыскер «Шынайы» бағдарламасына берген сұхбатында айтты.

«Алда саясатпен айналыспаймын деп айта алмаймын, өйткені саясат бәрібір менімен айналысады. Партия құрамын деген ойым болып еді…

Кез келген уақытта мен ойымды ашық әрі еркін білдіре беремін. Ал қазір «неге митингіге бармаймын, неге саясаттан жырақтап кеттім» дегенге келсек, мен бұл бағытта не істесем де ол халыққа пайда әкелмейді, соған көзім жетіп тұрғандықтан, әзірге тынышпын», – дейді ақын.