Елордада мүгедек әйел моншадағы бассейнге батып кетті
2020 ж. 12 маусым
1268
0
Елорданың Тұран даңғылында орналасқан "Керемет" монша кешенінен әйелдің денесі табылды, деп хабарлайды "Қазақ үні" ақпарат агенттігі Polisia.kz-ке сілтеме жасап.
11 маусымда сағат 19.10-да бассейнге батып кеткен 51 жастағы әйелдің мәйіті табылды. Бұл туралы хабарламаны кезекші «102» телефонына алды.
Марқұмның эпилепсия диагнозымен 2-топтағы мүгедек екені белгілі болды. Моншада оны анасы ертіп жүрді.
Сот-медициналық сараптама тағайындалды. Тексеру жүргізілуде.