Маңғыстау облысында итбалықтар адамдарға шабуыл жасады
2020 ж. 10 маусым
1234
0
8 маусым күні кешкісін итбалықтардың тістеп алуына қатысты бірнеше адам шағымданды, олардың арасында үш бала бар, - деп хабарлайды baq.kz.
Оқиға сағат кешкі 19.40-та суға шомылу кезінде болған. Итбалықтың тістегенінен зардап шеккендердің бірі 20 жаста болса, кішісі - алты жаста. Түпқараған аудандық ауруханасының қабылдау бөлмесіне екі пациент жедел медициналық жәрдем бригадасымен жеткізілсе, қалған үш адам өздері жүгінген.
Дәрігерлер олардың тістегеннен сол білегі мен оң қолының жара болып тұрғанын анықтады. Кішкентай пациенттерге алғашқы хирургиялық өңдеулер мен құтырмаға қарсы вакцина жүргізілді, содан кейін оларды үйлеріне жіберді.
Ауруханаға жатқызу қажеттілігі болған жоқ, - деп хабарлады Маңғыстау облысы Денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметі.
Ведомстводан атап өткендей, қажет болған жағдайда емделушілер тұрғылықты жері бойынша жалпы тәжірибе дәрігерінен ем ала алады.
Медицина қызметкерлері, әсіресе, суға шомылу маусымы кезінде сақтық шараларын сақтауға шақырады.
Түпқараған ауданында, атап айтқанда, Форт-Шевченко қаласында су температурасы 20 градустан асады. Бірнеше жыл бұрын өңір тұрғындары итбалықтардың адамдарға шабуыл жасағанын айтқан.