Коронавирустан көз жұмғандар қайда жерленіп жатыр?
2020 ж. 09 маусым
1207
0
«Шымкентте коронавирустан көз жұмғандар бөлек қорымға жерленбейді». Бұл туралы қаланың бас санитары мәлімдеді. Бас дәрігер сөзінше мәйітті залалсыздандыру жұмыстарынан кейін қауіптілік жойылады, - деп хабарлайды otyrar.kz.
Айта кетейік, қала бойынша бүгінге дейін тәжівирустан 13 адам ажал құшты. Оның 7-нің денесі туған-туысына тапсырылған. Ал, дерттен қайтыс болған жанды ақтық сапарға шығарып салуға мүмкіндігі болмаса, мамандар мәйітті өздері жерлейді екен. Бүгінде мұндай 4 мәйіт Абай ауданын қарасты, Қазығұрт шағынауданындағы мазаратқа қойылған.
Әбдіманап Төлебаев, қалалық Тауарлар мен қызметтердің сапасын бақылау департаментінің басшысы: «Коронавирус анау айтқандай қорқынышты індет емес. Сондықтан да індет кесірінен ана дүнеиеге аттанған жанды толықтай залалсыздандырып, туған-туыстарына береміз. Олар өз салт-дәстүрі бойынша мәйітті жерлейді. Егер туған-туысы да ауруханада болып, инфекциямен күресіп жатса денені өзіміз жер қойнына тапсырамыз».