Берік Дүйсембинов: Ашаршылықты геноцид деп халықаралық деңгейде мойындату керек
2020 ж. 03 маусым
2575
0
«Ақ жол» партиясы Ашаршылыққа ресми түрде «геноцид» деп құқықтық баға беруді талап етеді. Тиісті депутаттық сауалды бүгін Мәжіліс отырысында фракция депутаты Б.Дүйсембинов жолдады.
ҚР Премьер-Министрінің орынбасары
Е.Тоғжановқа
Құрметті Ералы Лұқпанұлы!
Еліміз кеше ғана саяси қуғын-сүргін және ашаршылық құрбандарын еске алу күнін атап өтті. Дәл осы күні Президент Қ.Тоқаевтың «Тарихи әділдікті қалпына келтіру жұмыстарын аяқтап, саяси қуғын-сүргін құрбандарын ақтау үшін арнайы комиссия құру» жөніндегі тапсырмасы жарияланды. Өте өзекті тапсырма. «Ақ жол» партиясы Президент тапсырмасын қолдайды және оның жұмысына өз өкілдерін жіберуге дайын екенін хабарлайды. Сонымен қатар, тарихи әділдікті қалпына келтіру үшін «Ақ жол» демократиялық партиясы большевиктердің тоталитарлық билігі ұйымдастырған қазақ жеріндегі Ашаршылыққа ресми түрде «геноцид» деп құқықтық баға беруді талап етеді. Мысалға әлем «геноцид» деп мойындаған Украинаның «Голодоморынан» 3 миллион 900 мың адам қаза тапса, сол украиндық сарапшылардың өздерінің айтуынша, Қазақстанда ашаршылықтан 4 миллион астам отандастарымыз қайғылы құрбандыққа ұшыраған, Қазақ елінің саны 70 процентке азайып кетті. Белгілі ақын Қазыбек Иса жазғандай:- «Қолын жайып нан сұраған сәбилер,