Ата-аналарға ҰБТ тапсыру орындарына келуге тыйым салынады
2020 ж. 02 маусым
1269
0

Биыл коронавирус індетіне байланысты қазақстандық түлектердің ата-аналары мен туысқандары ҰБТ пунктерінің аумағына кіргізілмейді. Бұл туралы білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов мәлімдеді.
"Ата-аналарға және басқа адамдарға балаларды ҰБТ өткізу пунктерінде күтуге тыйым салынады. Ата-аналар үшін ҰБТ барысын сол жерге келмей-ақ, үйінде отырып көру үшін онлайн көрсетілім ұйымдастырамыз", - деді министр үкімет отырысында.
Сонымен қатар, ҰБТ өткізу пунктері баррикадалық ленталармен жабдықталады. Түлектерді пунктерге кіргізу кезінде екі метр ара қашықтық сақталады. Аудиторияларда да талапкерлер бір-бірінен екі метр алшақ отырады. Сондықтан, Аймағамбетовтің айтуынша, ҰБТ өткізу пунктерінің тек 50 проценті ғана толтырылады.