Жұлдызай Форт: Қазақтар орысша білуге міндетті емес!
2020 ж. 27 мамыр
1567
0
Қазақтар, естеріңізде болсын: біз отанымызда орысша біліп, сөйлеуге міндетті емеспіз – ҚЗ заңнамасын ондай норма жоқ. Керісінше, заңға сәйкес, басқа диспоралармен бірдей, орыстар қазақша білу керек. ҚР тiл туралы 1997 жылғы 11 шiлдедегі N 151 Заңының 4-бабы: «Қазақстан Республикасының мемлекеттiк тiлi - қазақ тiлi. Мемлекеттiк тiл - мемлекеттiң бүкiл аумағында қоғамдық қатынастардың барлық саласында қолданылатын мемлекеттiк басқару, заң шығару, сот iсiн жүргiзу және iс қағаздарын жүргiзу тiлi. Қазақстан халқын топтастырудың аса маңызды факторы болып табылатын мемлекеттiк тiлдi меңгеру - Қазақстан Республикасының әрбiр азаматының парызы." Орыс тілі ресми және ұлтаралық қатынас тілі деген нормалар ҚЗ заңдарында жоқ - бұлай деу бос сөз! ҚР Ата Заңының 7-бабының 2 тармағында: «Орыс тілі - ресми тіл деп жазылмаған, тек қана: « Мемлекеттік ұйымдарда және жергілікті өзін-өзі басқару органдарында орыс тілі РЕСМИ ТҮРДЕ қазақ тілімен тең ҚОЛДАНЫЛАДЫ», – деп жазылған. Неге 75%-дан көп қазақ өз Отанында басқа азаматтармен бөтен тілде сөйлеуі керек? Қазақстанда да, Конституцияда жазылғандай "байырғы қазақ жерiнде", ұлтаралық қатынас тілі тек мемтілі болу керек! «Қазақстан» - «қазақтардың мемлекеті» деп аударылады, өйткені қазақтар титулдық мемлекет қалыптастырушы халық болып табылады. Сонымен, ҚЗ Конституциясының нормаларына қарама –қайшы келген заңдардың күштері жоқ екенін назарға алсақ, қазақтар Қазақстанда тек қазақ тілін біліп, тек қазақша қызмет көрсетуге құқықтары бар! 1) ҚЗ Конституциясы http://adilet.zan.kz/kaz/docs/K950001000_ Бiз, ортақ тарихи тағдыр бiрiктiрген Қазақстан халқы, байырғы қазақ жерiнде мемлекеттiлiк құра отырып, өзiмiздi еркiндiк, теңдiк және татулық мұраттарына берiлген бейбiтшiл азаматтық қоғам деп ұғына отырып, дүниежүзiлiк қоғамдастықта лайықты орын алуды тілей отырып, қазіргі және болашақ ұрпақтар алдындағы жоғары жауапкершілігімізді сезіне отырып, өзіміздің егемендік құқығымызды негізге ала отырып. 7-бап 1. Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік тіл - қазақ тілі. 2. Мемлекеттік ұйымдарда және жергілікті өзін-өзі басқару органдарында орыс тілі ресми түрде қазақ тілімен тең қолданылады. 3. Мемлекет Қазақстан халқының тілдерін үйрену мен дамыту үшін жағдай туғызуға қамқорлық жасайды. 2) Қазақстан Республикасындағы тiл туралы 1997 жылғы 11 шiлдедегі N 151 Заңы. http://adilet.zan.kz/kaz/docs/Z970000151_ 4-бап. «Қазақстан Республикасының мемлекеттiк тiлi - қазақ тiлi. Мемлекеттiк тiл - мемлекеттiң бүкiл аумағында қоғамдық қатынастардың барлық саласында қолданылатын мемлекеттiк басқару, заң шығару, сот iсiн жүргiзу және iс қағаздарын жүргiзу тiлi. Қазақстан халқын топтастырудың аса маңызды факторы болып табылатын мемлекеттiк тiлдi меңгеру - Қазақстан Республикасының әрбiр азаматының парызы. Үкiмет, өзге де мемлекеттiк, жергiлiктi өкiлдi және атқарушы органдар: Қазақстан Республикасында мемлекеттiк тiлдi барынша дамытуға, оның халықаралық беделiн нығайтуға; Қазақстан Республикасының барша азаматтарының мемлекеттiк тiлдi еркiн және тегiн меңгеруiне қажеттi барлық ұйымдастырушылық, материалдық-техникалық жағдайларды жасауға; қазақ диаспорасына ана тiлiн сақтауы және дамытуы үшiн көмек көрсетуге мiндеттi. 21-бап. Деректемелер мен көрнекi ақпарат тiлi Мемлекеттiк органдардың мөрлерi мен мөртаңбаларының мәтiнiнде олардың атаулары мемлекеттiк тiлде жазылады. Меншiк нысанына қарамастан, ұйымдардың мөрлерiнiң, мөртабандарының мәтiнi мемлекеттiк тiлде және орыс тiлiнде жазылады. Бланкiлер, маңдайшалар, хабарландырулар, жарнамалар, прейскуранттар, баға көрсеткiштерi, басқа да көрнекi ақпарат мемлекеттiк тiлде және орыс тiлiнде, ал қажет болған жағдайда басқа да тiлдерде жазылады. Қазақстанда өндiрiлетiн тауарлардың арнайы мәлiметтер көрсетiлген тауарлық жапсырмаларында (этикеткаларында), таңбаламаларында, нұсқаулықтарында мемлекеттiк тiлде және орыс тiлiнде қажеттi ақпарат болуға тиiс. Шетелде өндiрiлген тауарлардың арнайы мәлiметтер көрсетiлген тауарлық жапсырмалары (этикеткалары), таңбаламалары, нұсқаулықтары импорттаушы ұйымдардың қаражаты есебiнен мемлекеттiк тiлдегi және орыс тiлiндегi аудармасымен қамтамасыз етiледi. Көрнекi ақпараттың барлық мәтiнi мынадай ретпен: мемлекеттiк тiлде - сол жағына немесе жоғарғы жағына, орыс тiлiнде он жағына немесе төменгi жағына орналасады, бiрдей өлшемдегi әрiптермен жазылады. Қажеттiгiне қарай көрнекi ақпараттың мәтiндерi қосымша басқа да тiлдерге аударылуы мүмкiн. Бұл жағдайда қарiп өлшемi нормативтiк құқықтық актiлерде белгiленген талаптардан аспауға тиiс. Ауызша ақпарат, хабарландыру, жарнама мемлекеттiк тiлде, орыс және қажет болған жағдайда, басқа да тiлдерде берiледi. 3) Тұтынушылардың құқықтарын қорғау туралы Қазақстан Республикасының 2010 жылғы 4 мамырдағы № 274-IV Заңы. http://adilet.zan.kz/kaz/docs/Z100000274_ 24-бап. Сатушының (дайындаушының, орындаушының) міндеттері Сатушы (дайындаушы, орындаушы): 1 бап: «тауар (жұмыс, көрсетілетін қызмет) туралы, сондай-ақ сатушы (дайындаушы, орындаушы) туралы қазақ және орыс тілдерінде ақпарат беруге міндетті.» 12 бап: « Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген жағдайларды қоспағанда, сатушыға (дайындаушыға, орындаушыға) фото-, бейнетүсірілімді қолдануға қатысты тұтынушылардың құқықтарын шектеуге тыйым салынады.» 4) «Жеке және заңды тұлғалардың өтiнiштерiн қарау тәртiбi туралы» Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 12 қаңтардағы № 221-II Заңы: https://online.zakon.kz/m/Document/?doc_id=30086584 10-бап. Өтініштерге берілетін жауаптар 1. Өтініштерге берілетін жауаптар Қазақстан Республикасының заңнамасына сілтеме жасай отырып, мазмұны бойынша негізделген және дәлелді, мемлекеттік тілде НЕМЕСЕ өтініш берілген тілде болуға, арыз берушінің қабылданған шешімге шағым жасау құқықтарын түсіндіре отырып, оның дәлелін жоққа шығаратын немесе растайтын нақты деректерді қамтуға тиіс. 5) «Ақпаратқа қол жеткізу туралы» Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 16 қарашадағы № 401-V Заңы http://adilet.zan.kz/kaz/docs/Z1500000401 11 Бап 12 тармағы: «Жазбаша сұрау салуға жауап өтініш жасалған тілде ақпарат пайдаланушының таңдауы бойынша қағаз және (немесе) электрондық нысандарда беріледі. Ауызша сұрау салуға жауап өтініш жасалған тілде ауызша нысанда беріледі.” Жулдызай Форт, Фейсбук парақшасынан