Мемлекет басшысы адам капиталын дамытуға үнемі көңіл бөледі - сарапшы

Мемлекет басшысы адам капиталын дамыту мәселелеріне үнемі көңіл бөледі. Бұл елдің бәсекеге қабілеттілігін қамтамасыз етудің басты шарты деп санайды. Бүгін Қасым-Жомарт Тоқаев Ұлттық қоғамдық сенім кеңесінің отырысында Қазақстандағы адами капиталды дамыту мәселелеріне ерекше тоқталды. Ұлттық қоғамдық сенім кеңесінің үшінші отырысының күн тәртібі білім беру және денсаулық сақтау мәселелеріне арналды. Қазақстанда 2025 жылға дейінгі елдің Стратегиялық даму жоспары іске асырылып жатқаны белгілі, оның негізіне экспортқа бағдарланған өндірісті ынталандыруға негізделген экономикалық өсудің жаңа моделі алынған. Жаңа адами капиталды дамыту елдің экономикасы мен әлеуметтік өмірінде жүзеге асырылатын осы жоспардың жеті маңызды жүйелі реформаларының бірі болып табылады. Адами даму индексінің (АДИ) 2019 жылғы деректері бойынша – Ресей 49-шы орында, Беларусь 53-ші орында, ал Қазақстан 58-ші орында тұр. Бұл адам дамуының деңгейі өте жоғары мемлекеттер тобына кіретін елдердің көрсеткіштері. Біздің еліміз 0,800 индикаторымен осы топтың шегіндегі тұрақтылықты сақтап, онда соңғы орында тұр. Бұл индексте мемлекет бағаланатын төрт негізгі компонент бар. Олардың екеуі білім алуға жатады. Көріп отырғанымыздай, Қазақстанның АДИ-да білім беруде позициясы жоғары. Бағалауға оқу ұзақтығы үлкен әсер етеді, оның елде күтілетін ұзақтығы 15,1 жылды құрайды. Бізде білім деңгейі өте жоғары және оның ұзақтығы 11,8 жыл. Осы көрсеткіштердің арқасында біз адам дамуының деңгейі өте жоғары елдер тобына кіреміз. Сондай-ақ, бізде білікті жұмыс күші бойынша жақсы позицияларымыз бар екендігін атап өткен жөн. Бұл 75 пайыз. Осы көрсеткіш бойынша біз жоғары дамыған елдердің үштен біріне жатамыз. Алайда, Қазақстанның халықаралық рейтингтеріндегі жоғары ұстанымына қарамастан, білім беру саласындағы отандық сарапшылардың талдауы негізінде проблемалық мәселелер және «осал жақтары» көрсетіледі. Мысалы, қазақстандық ЖОО түлектерінің тек 30-35 пайызы ғана мамандығы бойынша жұмысқа орналасады. 70 пайыздан астам жоғары білімді дағдылар мен біліктілікті арттыруға жол емес, тек диплом алу құралы ретінде қарастырады. Біздің білім беру жүйесі адам капиталын тиімді пайдалануға кедергі келтіретін нақты экономиканың қажеттіліктеріне жауап бермейді. Ал ел экономикасының нақты модернизациясы көбінесе оның сапасына және оның қазіргі заманғы талаптарға сәйкес болуына байланысты болып табылады. Таяу арада шешілуі қажет ең маңызды проблемалардың бірі адам капиталының моральдық тозуын еңсеру мәселесі. Технологиялық тәртіпті ауыстыру жағдайында бар білім мен дағдының моральдық ескіруі жеделдетілетін болады. Еңбек нарығы мен кадрларды даярлау жүйесі арасындағы байқалған және өз жемісін беретін теңгерімсіздікті еңсеру кәсіптік даярлаудың барлық жүйесін қайта құруды және білім берудің қандай да бір деңгейі мәртебесіне қарым-қатынасты ауыстыруды талап етеді. Бүгінде Қазақстан оқушылардың білім деңгейін халықаралық бағалау бойынша дамыған елдерден айтарлықтай артта қалып отыр. Бұл туралы бүгін Ұлттық қоғамдық сенім кеңесінің отырысында сөйлеген сөзінде Мемлекет басшысы айтып, басты себептерді – бөлінетін қаражаттың жеткіліксіздігін, осы ерекше маңызды саладағы реформалардың жүйесіздігі мен толық ойластырылмағандығын атап өтті. Президент жағдайды шынайы бағалауға шақырды. Қара бұлт үйірудің керегі жоқ, нақты шаралар қабылдау қажет. Сондай-ақ, олардың қатарында Мемлекет басшысы инфрақұрылымдық даму жөніндегі міндет мемлекет есебінен ғана емес, мемлекеттік-жеке меншік әріптестік көмегімен де шешілуі жөнінде ұсыныстар айтты. Қаржы тартымдылығын, білім беру инфрақұрылымына инвестицияларды арттыру мәселесін пысықтау қажет. Сонымен бірге, Ұлттық қоғамдық сенім кеңесінің отырысында Президент педагогикалық мамандықтарға оқитын студенттерге шәкіртақы көтеруді ұсынды. Егер біз білім беру саласында жүйелі шаралармен айналыспасақ, Мемлекет басшысы атап өткендей, демографиялық серпімізді ескере отырып, біз әрқашан қуып жетуші рөлде боламыз. Шәукенова Зарема, ҚР Президенті жанындағы ҚСЗИ директоры, ҚР ҰҒА корреспондент-мүшесі