Инспектор қыз­метіне ашық конкурс жариялайды

  Маңғыстау облысы, Бейнеу ауданы, Боранқұл селолық округі әкімінің аппараты мемлекеттік мекемесі бос тұрған инспектор қыз­метіне (1-орын) ашық конкурс жариялайды Функцияналдық міндеттері: Мемлекеттік қызметте болып алдын-ала болжам жасай алатын, ұйымдастыру, қадағалау жұмыстарын білетін, қабілеті мен әдістерін білетін, ұжым арасында тіл табыса білетін, халықпен сөйлесу қа­білеті бар, жағдайға бейімделгіш, білімін көтеруге ынталы, саналы болу, Боранқұл селолық округі әкімінің қызмет көрсету нысан­да­ры­ның саясатын іске асыру шараларын ұйымдастыру. Әкім аппаратының іс-қағаздарын жүргізу, жеке және заңды тұлғалардың өтініштерімен арыз шағымдарын тіркеу, өтініштерді «Тұлғалар өтініштерін бірыңғай есепке алу» автоматтандырылған ақпараттық жүйесіне енгізіп №1-ОЛ нысанды статистикалық есе­бін уақытылы тапсыруымен айналысады. Конкурсқа қатысушыларға қойылатын негізгі талаптар: Білімі жоғары немесе арнаулы орта Компьютерде «Excel», «Word»-та жұмыс істей білуі. «Боранқұл селолық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесіне хабарландыру жарияланған күннен бастап, төмендегі құжаттарды тапсырады. 1. Қоса берілетін құжаттардың тізбесі көрсетілген конкурсқа қа­тысу туралы өтініш; 2. Жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесі; 3. Толтырылған кадрларды есепке алу жөніндегі жеке парақты (нақты тұратын мекен-жайы мен байланыс телефондарын көрсе­тіп); 4. Лауазымға қойылатын біліктілік талаптарына сәйкес білімі туралы құжаттардың көшірмелері; 5. Еңбек қызметін растайтын құжаттың көшірмесі; 6. Медициналық куәландырудан өткені туралы құжаты; Конкурсқа қатысуға жіберілген үміткерлер құжаттарды қабылдау мерзімі аяқталғаннан кейін «Боранқұл селолық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесіне конкурстық комиссиядан өтеді. Құжаттарды қабылдау мерзімі – конкурс өткізу туралы хабарлан­дыру жарияланған күннен бастап 15 күнтізбелік күн. Мекен-жайы: Маңғыстау облысы, Бейнеу ауданы, Боранқұл селолық округі, әкімшілік ғимараты анықтама алу үшін телефон 872 932 - 31-2-37