Инспектор қызметіне ашық конкурс жариялайды
Маңғыстау облысы, Бейнеу ауданы, Боранқұл селолық округі әкімінің аппараты мемлекеттік мекемесі бос тұрған инспектор қызметіне (1-орын) ашық конкурс жариялайды
Функцияналдық міндеттері:
Мемлекеттік қызметте болып алдын-ала болжам жасай алатын, ұйымдастыру, қадағалау жұмыстарын білетін, қабілеті мен әдістерін білетін, ұжым арасында тіл табыса білетін, халықпен сөйлесу қабілеті бар, жағдайға бейімделгіш, білімін көтеруге ынталы, саналы болу, Боранқұл селолық округі әкімінің қызмет көрсету нысандарының саясатын іске асыру шараларын ұйымдастыру.
Әкім аппаратының іс-қағаздарын жүргізу, жеке және заңды тұлғалардың өтініштерімен арыз шағымдарын тіркеу, өтініштерді «Тұлғалар өтініштерін бірыңғай есепке алу» автоматтандырылған ақпараттық жүйесіне енгізіп №1-ОЛ нысанды статистикалық есебін уақытылы тапсыруымен айналысады.
Конкурсқа қатысушыларға қойылатын негізгі талаптар:
Білімі жоғары немесе арнаулы орта Компьютерде «Excel», «Word»-та жұмыс істей білуі.
«Боранқұл селолық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесіне хабарландыру жарияланған күннен бастап, төмендегі құжаттарды тапсырады.
1. Қоса берілетін құжаттардың тізбесі көрсетілген конкурсқа қатысу туралы өтініш;
2. Жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесі;
3. Толтырылған кадрларды есепке алу жөніндегі жеке парақты (нақты тұратын мекен-жайы мен байланыс телефондарын көрсетіп);
4. Лауазымға қойылатын біліктілік талаптарына сәйкес білімі туралы құжаттардың көшірмелері;
5. Еңбек қызметін растайтын құжаттың көшірмесі;
6. Медициналық куәландырудан өткені туралы құжаты;
Конкурсқа қатысуға жіберілген үміткерлер құжаттарды қабылдау мерзімі аяқталғаннан кейін «Боранқұл селолық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесіне конкурстық комиссиядан өтеді.
Құжаттарды қабылдау мерзімі – конкурс өткізу туралы хабарландыру жарияланған күннен бастап 15 күнтізбелік күн.
Мекен-жайы: Маңғыстау облысы, Бейнеу ауданы, Боранқұл селолық округі, әкімшілік ғимараты анықтама алу үшін телефон 872 932 - 31-2-37