СВЕТЛАНА ТАРАСОВА ҚАЗАҚ ТІЛІН ҚОЛДАП, ҚОЛ ҚОЙДЫ!

Белгілі журналист Максим Рожин мен әкімдік қызметкері Владимир Чепельдің Қазақ тілін қолдап, қол қоюы жақсы жалғасын табуда. СВЕТЛАНА ТАРАСОВА ЛЕОНИДОВНА Конституциядан 7-ші баптың 2-ші тармағын алып тастап, Мемлекетттік тіл туралы заңды талап етіп, 115 мыңға жуық қол қойылған "Қазақ үні" сайтындағы Ашық хатқа 114 721-інші болып қол қойды! Светлана Тарасова Леонидовна 23.09.2001 жылы Шығыс Қазақстан облысында туған. Қазақ Ұлттық Өнер Университетінің студенті, "драма театрының режиссері» "Радима" беларусь ЭМО жастар қанатының төрағасы. Ұлты: орыс Хобби: белсенді, іс-шаралар мен концерттердің жүргізушісі, фитнес-тренер, қазақ ақындарының өлеңдерімен, музыкамен айналысады. Қазақ Елі Азаматы ретінде патриоттықтың үлгісін көрсеткен СВЕТЛАНА ТАРАСОВАға Алғысымыз шексіз, құдай қуат берсін!. ҚАЗАҚ ТІЛІ АЗАТ ТІЛ БОЛУЫ ҮШІН ҚОЛ ҚОЙҒАН ӘР АЗАМАТҚА ЗОР ТАҒЗЫМ! Ал, СІЗ НЕШІНШІ БОЛЫП ҚОЛ ҚОЙДЫҢЫЗ?!. ҚОЛ ҚОЮ СІЛТЕМЕСІ: МЕМЛЕКЕТТІК ТІЛ ТУРАЛЫ заңды қолдап, ҚОЛ ҚОЮ ҮШІН "Қазақ үні" сайтының сілтемесіне өтесіздер: https://qazaquni.kz/2018/09/05/65363.html