Қасым-Жомарт Тоқаев: Вирустың таралу қаупі сейілген жоқ

0
134

ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев халықты қауіпсіздік шараларын сақтауға шақырды. Бұл туралы ол twitter парақшасында жазды.

Коронавирус індетіне қарсы күрестегі оң нәтижеге қарамастан, оның таралу қаупі сейілген жоқ. Азаматтарды денсаулықтарына зиян келтірмеу үшін, әсіресе, көпшілік жиналатын жерлерде қауіпсіздік шараларын сақтауға шақырамын. Карантин режимі жеңілдетілгенімен, әлі де сақталуда, – деп жазды Президент.