Қазақстанда коронавирус жұқтырғандардың саны 5126-ға жетті

Қазақстанда тағы 36 адамнан коронавирус анықталды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

"Қазақстандағы коронавирус бойынша 11 мамыр 09:25-тегі эпидемиологиялық жағдай: Коронавирус індетін жұқтырған тағы 36 жағдай тіркелді.

Ақмола облысы - 1,

Атырау облысы - 3,

Батыс Қазақстан облысы - 3,

Қостанай облысы - 1,

Маңғыстау облысы - 8,

Солтүстік Қазақстан облысы - 2,

Алматы қаласы - 10,

Нұр-Сұлтан қаласы - 8", - делінген хабарламада.

Осылайша, Қазақстан бойынша барлығы - 5126.