СВЕТЛАНА КРЮГЕР ҚАЗАҚ ТІЛІН ҚОЛДАП, ҚОЛ ҚОЙДЫ!

Белгілі журналист Максим Рожин мен әкімдік қызметкері Владимир Чепельдің Қазақ тілін қолдап, қол қоюы жақсы жалғасын табуда. КРЮГЕР СВЕТЛАНА ВЛАДИМИРОВНА, 1985 жылы 5 қыркүйекте Қызылорда облысы, Қазалы ауданы, Қазалы қаласында дүниеге келді. Ұлты - неміс. Қызылорда облысы әкімі аппаратының «Коғамдық келісім» КММ сарапшысы. Анасы - Крюгер Ирина Адольфовна, зейнеткер. Қазақтың келіні, екі қаракөз қыздың анасы. Конституциядан 7-ші баптың 2-ші тармағын алып тастап, Мемлекетттік тіл туралы заңды талап етіп, 115 мыңға жуық қол қойылған "Қазақ үні" сайтындағы Ашық хатқа 112 475-інші болып қол қойды! Қазақ Елі Азаматы ретінде патриоттықтың үлгісін көрсеткен СВЕТЛАНА КРЮГЕР ВЛАДИМИРОВНАға Алғысымыз шексіз, құдай қуат берсін! ҚАЗАҚ ТІЛІ АЗАТ ТІЛ БОЛУЫ ҮШІН ҚОЛ ҚОЙҒАН ӘР АЗАМАТҚА ЗОР ТАҒЗЫМ! Ал, СІЗ НЕШІНШІ БОЛЫП ҚОЛ ҚОЙДЫҢЫЗ?!. ҚОЛ ҚОЮ СІЛТЕМЕСІ: МЕМЛЕКЕТТІК ТІЛ ТУРАЛЫ заңды қолдап, ҚОЛ ҚОЮ ҮШІН "Қазақ үні" сайтының сілтемесіне өтесіздер: https://www.facebook.com/100001908576595/posts/3796888417051407/?d=n