Қазақстан Мақтааралдағы жағдайға байланысты Өзбекстанға наразылық нотасын жолдады
2020 ж. 05 мамыр
1882
0
Қазақстан бұзылған су қоймасына байланысты Өзбекстанға наразылық нотасын дайындады, - деп хабарлайды Atameken Business.
Бұл туралы арнаға эксклюзив сұхбат берген Экология, геология және табиғи ресурстар вице-министрі Сергей Громов айтқан.
Айта кетейік, төтенше жағдай салдарынан 276 шаршы шақырым аумақты су басты. Оның 76 шақырымы Қазақстан аумағына тиесілі екен.
Еске салайық, Өзбекстанда 1 мамырда болған жаңбыр мен дауылдан кейін Сырдария облысындағы Сардоба су қоймасы бөгеттерінің бірі жарылған еді. Кейін Түркістан облысы Мақтаарал ауданында төтенше жағдай жарияланды.
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Сардоба су қоймасы бөгетінің бұзылуы салдарынан Түркістан облысының 10 ауылын су басқанын мәлімдеген.
Ал бүгін Үкіметтің кезекті отырысы Түркістан облысындағы су тасқынының салдарымен күрес шараларын талқылаудан басталды.
Атап өту керек, бұған дейін "Қазақ үні" ақпарат агенттігінде Ұлттық Кеңес мүшесі Қазыбек Исаның "МАҚТАРАЛДАҒЫ ЖАҒДАЙ ҚИЫН, ПРЕЗИДЕНТ МЫРЗА!" атты мақаласы жарияланған болатын.
- Өзбекстан Қазақстанның келісімінсіз, халықаралық келісім жасамай талапқа сай емес жарамсыз жерге Сардоба су қоймасын салғаны және қатаң қауіпсіздік шарасын сақтамай, қойманың жарылғаны үшін жауапты. Сондықтан Қазақстан шеккен шығындарды төлеуі керек, - деп жазды Қазыбек Иса өз мақаласында.