Дариға Назарбаева Сенаттан кетті - ТӨТЕНШЕ ЖАҒДАЙДАҒЫ ТӨТЕНШЕ ШЕШІМ...
2020 ж. 02 мамыр
2851
0
Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың жарлығымен Сенат төрайымы Дариға Назарбаеваның өкілеттігі тоқтатылды. Қазақша айтқанда, Сенат Төрағасы қызметінен кетті. Президент Қ.Тоқаев Д.Назарбаеваға сіңірген еңбегі үшін алғыс айтты.
Коронавирус індеті жайына қалған елдің енді індетіп, елеңдеп отырған екі сұрағы бар?!.
1. Сенат төрағалығына - мемлекеттегі Президенттен кейінгі екінші лауазымға кім ие болады?
2. Дариға Назарбаева не істейді - қайда барады?!.
Бұған көп ұзамай көзіміз жететін болады.
Сенат төрағасы кім болғанына қарап, бұл төтенше жағдай кезіндегі төтенше саяси оқиғаның қандай мақсаттан болғанын біле береміз...
Ел аман, жұрт тыныш болсын!
Қазыбек ИСА,
Қазақ үні