Қазыбек Иса: ҚАЗАҚ ТІЛІН ҚОЛДАҒАН 112 062 қол - ЕҢ ҮЛКЕН СЫЙЛЫҚ!
2020 ж. 24 сәуір
2454
0
Иә, менің ТУҒАН КҮНІМЕ ӨМІРІМДЕГІ ЕҢ ҮЛКЕН СЫЙЛЫҚ!
Бұл алдымен Елге Ерекше тарту!
Иә, ҚАЗАҚ ТІЛІН ҚОЛДАҒАНДАР саны бүгін, 2020 жылы 23 сәуірде сағат 12:05-те 112 062 болды!
АЛАШҚА АЛЛА ЖАР БОЛСЫН!
ҚАЗАҚ ТІЛІ АЗАТ ТІЛ БОЛУЫ ҮШІН ҚОЛ ҚОЙҒАН ӘР АЗАМАТҚА ЗОР ТАҒЗЫМ!
Иә, екі күн бұрын туған күніммен фейсбук парақшасы мен ютуб арнасында 100 мың адамның атынан құттықтаған Оғыз Доған бауырым айтқандай, Бүгінгі Қазақ тілін қолдап, қол қойған 112 062 адамның қолын Туған күніме ең үлкен сыйлық санаймын!
9 сәуірде қайта зор қарқынмен жаңғырған Мемлекеттік тіл туралы заңды қолдаған Ашық хатқа 13 күнде 112 мыңнан астам қол қойылды!
Бір қызығы, мен Мемлекеттік тіл туралы заңды талап еткен Ашық хатты қайта жариялаған күні - елімізде тұңғыш рет бір күнде Қазақ тілін қолдаушылар 10 мыңнан асып кеткен 9 сәуірді - Қазақ тілінің күні екен ғой деп іштей ойлап қойғанмын. Ал кейін телефонымды ақтарып отырсам, 6 сәуір күні қарағандылық ұлтшыл азамат Нуржан Сұршаұлы маған: "Қадірлі бауырлар! Қазақ күнтізбесіндегі 9 сәуір ұлттық қазынамыз мемлекеттік тіл - Қазақ тілі күні болып белгіленген. Осыған байланысты баршаңызды аталған мерекелік күнге орай эстафетаға шақырамын!"-деген жазбасын фейсбук сілтемесімен бірге жібергенін көргенде қатты таңғалдым! Ал мен бұл хабарламаны 12-ші сәуірде бір-ақ көрдім. Менің 9 сәуір күні Қазақ тілін қолдаған Ашық хатты жариялап, оған сол күні 10 мыңнан аса қол қойылуы мен Қазақ күнтізбесінде бұған дейін 9 сәуір -Қазақ тілі күні болып белгіленуінде бір тылсым байланыс, сәулелі сәйкестік бар секілді! Құдайдың құдіреті деген осы болар бәлкім?!.
Тіл Азат болмаса - Ел Азат болмайды!
Бұл 112 062 қол - Осы Ашық хатты бастаған 118 Ұлт Зиялысының қолдарын есептемегендегі сан!
Екі күн бұрын туған күніммен фейсбук парақшасы мен ютуб арнасында 100 мың адамның атынан құттықтаған Оғыз Доған бауырым айтқандай, Бүгінгі Қазақ тілін қолдап, қол қойған 112 062 адамның қолын Туған күніме ең үлкен сыйлық санаймын!
Аллаға сансыз шүкірлік!
Алаш аман болсын!
Қазыбек Иса,23 сәуір 2020 жыл.
P.S. 24 сәуірде сағат 11:00-де Ашық хатқа қол қойғандар саны -115 728 болды.
Ал СІЗ НЕШІНШІ БОЛЫП ҚОЛ ҚОЙДЫҢЫЗ?!.
ҚОЛ ҚОЮ СІЛТЕМЕСІ:
МЕМЛЕКЕТТІК ТІЛ ТУРАЛЫ заңды қолдап, ҚОЛ ҚОЮ ҮШІН "Қазақ үні" сайтының сілтемесіне өтесіздер: https://qazaquni.kz/2018/09/05/65363.html
https://www.facebook.com/100001908576595/posts/3738950472845202/?d=n