Қазақтың нағыз зиялысы

0
592

2014 жылы көптеріңіз мені әлі танымай, мен Түркияда Қазақстанымды сағынып жүрген кезімде «Ұлы далаға ашық хат» атты мақаламды желіге салсам, бір күннен кейін оның менен хабарсыз (qazaquni.kz) атты сайтта жарияланғанын көріп бір қуанғанмын…

«Ұлы далаға ашық хатымды» (https://qazaquni.kz/2014/12/17/31635.html) ұнатып, жариялаған сол газеттің бас редакторы Қазыбек Иса екен… Ағамызбен міне сол кезден бастап араласа бастадық… 2015 жылы телефонын тауып алып, Алашорда идеясы туралы ғылыми зерттеу жұмыстарыма қатысты кеңестерін сұрағаным да бар…

2017 жылдың тамыз айында Эйр Астана ұшағында болған қазақ тілінің қорлануына байланысты оқиғадан кейін, «ұлт жанашырымын» деп жүрген кейбір ақын-жазушысымақтар мен кейбір зиялысымақтар көрмегенсіп, естімегенсіп үнсіз отырғанда Қазыбек аға әрқашан біздің жанымыздан табылды… Бұл туралы үндеулер жасады, «Қазақ үні» газетінде мақалалар жариялады, сот отырыстарымызға қатысып іс жүзінде қолдау көрсетіп жүрді…

Міне өткенде Ұлттық кеңес жиналысында қазақ тілінің мәртебесін республиканың жалғыз тілі мәртебесіне көтеру туралы қазақ ұлтының ортақ талабын мемлекет басшымыздың бетіне еркектерше айтқан да осы ағамыз!..

Ата заңның 7-бабының 2-тармағын алып тастау туралы ашық хатқа қол қою науқанын бастап, 11 күнде 100 мыңнан астам қол қоюшыны ұлттық намысты қорғау акциясына тарта білген де Қазыбек ағадан басқасы емес…

Бүгін Қазыбек Иса ағамыздың туған күні!!! Қазақтың ана тілі үшін жинаған 100 мыңнан астам қолы ағамыздың туған күніне тарту болсын!!! Қазыбектей қазақтың нағыз зиялысы, шынайы ұлт жанашыры ағамыз мың жасап, өмір бойы түркі балаларына жөн сілтеп, жол көрсетіп, ұлтқа қызмет етіп жүре берсін!

Оғыз Доған,

Фейсбук парақшасынан