«ТВОРИ ДОБРО» творил ЗЛО!.. Сатылған қазақ жігіттері мал ма, құл ма?

17
1993

                                

 «Жетінші  арнаның» журналисті Жасын Қанбаевты       көзі қарайған Анар Әлібаева сатып алды…

 Жалпы кез-келген бұқаралық ақпарат құралы қоғамдағы келеңсіздікке дер кезінде жауабын беріп отыруы керек. Таяуда «Жетінші арнада» қазақ жігіттерінің сатылымға түскенін көріп күйінген едік. Артынша «Ұлы дала»  қозғалысының dala.tv сайтының «Жетінші арна» көрсеткен ол масқараны сойып салғанын көріп сүйіндік…

«Твори Добро» атты қор ұйымдастырған бұл масқара-шоуды маскарад-шоу деп қалса керек, «Жетінші арнаның» тілшілері «ешқандай шоу бұрын мұндай көңілді өтпеген» деп өзеурейді. «Жетінші арнаның» желпінуінің де өзіндік сыры бар екен, сатылымға түскен малдардың… кешіріңіздер, жандардың ішінде ең қымбаты осы арнаның  журналисі Жасын Қанбаев екен… Бетінде ар мен ұят тұрақтайтындай орын қалдырмай  жылтыраған ол мәңгүрт оны 1 сағатқа уақыт өткізіп, ермек ету үшін 30 мың теңгеге сатып алған Анар Әлібаева есімді қазақ… қызының шылбырында  екі езуі құлағына жете мәз болып, есі шыға қуанып бара жатты. «Бір сағаттық уақытымызды қалай өткізетінімізді өзіміз білеміз»-дейді ессіз ыржалаңдап…

Енді осы шоуды ұйымдастырған «Твори Добро» атты қайырымдылық қорына келсек, бұрын-соңды мұндай қордың «қайырымдылығын» естіп көрмеппіз… Жасаса, жасап жатқан шығар, бірақ Қордың кілең қазақ жігіттерін жинап алып, базарда мал сатқандай аукционға қоюы – қандай демократияға жатса да, бұл жергілікті мемлекет құрушы ұлтты тілі мен дінін білмейтін, ділі бұзылған мәңгүрт ұл-қыздары арқылы қорлау. Енді олар қазақ қыздарын осылай сатуға шығаруды ойластыруда көрінеді… Қордың қорлығының – мұндай «қайырымдылығы» мен «добросының» атасына нәлет!   Бір сөзбен айтқанда «Твори Добро» творил зло…             

 

Ал осы қорлауға «Жетінші арнаның» жетесіздік танытып желпілдей желігіп жарнамалап, алдына шығып алып шабуы – «Әндижанда бір әпкем бар, бұдан да өткен сорақы»-дегеннің керін келтіріп отыр. «Әндижандағы әпкеміз» «Жетінші арнаның» жетекшісі, белгілі қазақ тележурналисті Бибігүл Жексенбай неге мұндай масқараның экранға шығарылып, елге таратылуына жол беріп отыр?!. Кеше ғана «Құрмет» орденімен марапатталған Бибігүл Жексенбай аталмыш арнаның директорлар кеңесі мен  бақылаушылар кеңесінің төрайымы болған соң, «7 арна» қазақстандық ең мықты үштікке еніп, сарапшылардың айтуынша, арнаның жастар аудиториясы да үш есеге өсіпті… Сонда көрермендер саны көргенсіз шоулар арқылы ғана өсіп отырғаны ма? Бұл «Абырой» тіл мен мәдениетті қолдау қорының төрайымы болып табылатын телеледи үшін абыройсыздық емес пе? Тіліміз бен мәдениетіміздің жанашыры болып жүретін Бибігүл Жексенбай мүмкін, мұндай мәдениетсіздіктің еліміздің 86 пайызын қамтитын (арна сайтындағы мәлімет) экранға кетіп бара жатқанын байқамай қалуы да мүмкін, онда жауапты редакторларды жауапқа тартуы керек-ақ. » 7 арна» мен «Айна on-line» жобасының жүргізушісі  Жасын Қанбаевтың өз рейтингін көтеру мақсатында алдын-ала келісілген арзан шоуы қайта қасиетті санды иеленген «Жетінші арнаға» жиіркеніш туғызды.  Жасын болмай кеткір Жасынның жасанды шоуы үшін ғана оны көріп отырған қалың қазақтың ұлттық ұғымдарына  зиян тигізу керек пе еді?.. Қожайынға ұнаса, қолын да жалайтын өз ұлтымыздың мәңгүрттері өзгеден де гөрі көп зиян тигізетінін осыдан-ақ білуге болады.

«7 арнаның» құрылтайшы – қожайыны кім екенін толық білмей отырмыз, әйтеуір ресейліктердің қатысы бар екенінен хабарымыз бар. Бірақ кім, қай елдің азаматы, қандай ұлт өкілі болса да, кез-келген БАҚ қазақтың дәстүрі мен діліне, ұлттық ұстанымдарына ұлттың ұятын бұзып, іштен ірітетін мұндай «мылтықсыз» шабуыл жасамау керек. Тізгіні шетелде жатқан БАҚ – бақ емес, сорға айналып жүрмесін деңіз…Кеше ғана қабылданған Қазақстан Журналистерінің этикалық Кодексіне біз «ұлттық ақпараттық қауіпсіздікті» не үшін енгіздік?..

Баста бірнәрсе қалса, ділімізді, тіліміз бен тірлігімізді түзеп, Ұлы Мұқтар Әуезовтың «Ел боламын десең, бесігіңді түзе» дегенін естен шығармауға тиіспіз.

Қазыбек ИСА,

«Қазақ үні» газеті

www.qazaquni.kz

 

 

 

 

 

 

 

17 ПІКІРЛЕР

  1. Негізі мен өз басым Жетінші арнаны қарағым келмейді. Мәселен бүгін әз Наурыз күні бұл арна халық көретін қазақша бағдарлама бермеді. Бұл дегеніміз Жетінші арна қазақтарды менсінбейтіні былай тұрсын, пысқырмайды дегені. Одан әрі қазақтарды қорлағандары өз алдына бір әңгіме. Бұл арнаның артында бір алпауыт күш тұрғаны бесенеден белгілі. Ал Бибігүл Жексенбай деген кім?! Ол ешкім емес! Оның орны қуыс кеуде.Ол Жетінші арнада отырған бір чучело. Ол ауызы дорбайып анау отырған әумесерлердің бағдарламасын жаппақ түгілі, бірдеңе деп сөйлей алмайды да. Өткені оның сөзін естір құлақ жоқ. Сондықтан ауыздарыңды шаршатып бірдеңе демей ақ қойыңдар. Жексенбайдың сөзі әшейін б..қ.

  2. Негізі мен өз басым Жетінші арнаны қарағым келмейді. Мәселен бүгін әз Наурыз күні бұл арна халық көретін қазақша бағдарлама бермеді. Бұл дегеніміз Жетінші арна қазақтарды менсінбейтіні былай тұрсын, пысқырмайды дегені. Одан әрі қазақтарды қорлағандары өз алдына бір әңгіме. Бұл арнаның артында бір алпауыт күш тұрғаны бесенеден белгілі. Ал Бибігүл Жексенбай деген кім?! Ол ешкім емес! Оның орны қуыс кеуде.Ол Жетінші арнада отырған бір чучело. Ол ауызы дорбайып анау отырған әумесерлердің бағдарламасын жаппақ түгілі, бірдеңе деп сөйлей алмайды да. Өткені оның сөзін естір құлақ жоқ. Сондықтан ауыздарыңды шаршатып бірдеңе демей ақ қойыңдар. Жексенбайдың сөзі әшейін б..қ.

  3. Масқара,масқара сатылған және сатып алғандардың (Бетсіздердің) орны Дүние жүзiндегі ен суық Сiбірге жалаңаш күйiнде жiберу.
    Министирдiң құлағына алтын сырға,
    Депутаттың аузына «Шымкент сыра»…
    Айтпақшы ана тауардың бағасы 30 мың тг дейма?Аукцион өткізу керек қой Голандиялық әдiсте.(Бұлар тек мәңгүр деген атқа лайық!)

  4. 7 арна кешірім сұрасын. Ал ана сатылған «жігіттерге» нағыз жігіттерді жібереміз деп шештік. Көрсетеді оларды сатылған құлдың қандай болатынын… Сатып алғыш қыздарға да жібереміз көкесін көрсететіндерді…

  5. Сатқан да, сатылған да, ұйымдастырушы да, көрсетуші де – ҚҰЛ

    – Құлдың арманы – қарнын тойғызу;
    – Құлдың бақыты – қарны тойғаннан кейін, күндіз-түні ұйықтау;
    – Құлдар бірін-бірі менсінбейді, бір-біріне сенбейді;
    – Құл мақтауды жақсы көреді;
    – Құл өзін басқалардан ақылды санайды;
    – Құлдар дарақы келеді. Олар өзінің ойын, сөзін, көзқарасын, мимикасын, дене қимылын, іс-әрекетін үнемі бақылап, қадағалауда ұстай алмайды;
    – Құлдар бірін-бірі қолдамайды, бастары ешқашан бірікпейді;
    – Құл өзіне жұмыс, тамақ берген адамды қожайын санайды және одан өлгенше қорқады;
    – Құл – қожайыны бұйрық берсе – кез-келген адамға жала жабуға, басқа да озбырлықтарға, тіпті адам өлтіруге дейін барады;
    – Құл қожайындарының қас-қабағын бағып, олардың ойын айтқызбай орындауға ұмтылады;
    – Құлдар қожайындарының тілін үйренуге бейім, тіпті олар жоқ болсада, өзара сол тілде сөйлеседі;
    – Қожайын үшін ең жақсы құл, ол – өз тілін ұмытқан құл;
    – Құл қанша күшті, ден-саулығы зор болғанына қарамастан, жалтақ, қорқақ болады, себебі оларда рух жоқ, жүрек жоқ;
    – Құлдар қожайындары ауыздарына “шайнап” салып берген проблемаларға құмар келеді;
    – Құлда ұят, ұлттық сезім жоқ, қожайындары Өзін, Елін қалай атасада, Елін талан-таражға салып, ұлтты тіл-дін жағынан бөліп жатса да, соған көнеді. (мысалы ”казах”, “Казахстан”, «иноязычный казах», «казах Гражданин Мира», «космополит казах», «мамбет казах», «православный казах», «саентология», «кришна» т.с.с. );
    – Құл өкпешіл келеді, жоқ нәрсеге өкпелейді;
    – Құлдарды бір-біріне айдап салу оңай, оны қожайындары жақсы қолдана біледі, жоқ жерден проблема тудырып, оны жан-жақты өрбітіп, қоздырып, әбден “шайнап” екі топ құлдың аузына салып, бір-біріне айдап салады.

  6. Ал мен 50 мың беремін шошқа баққызуға. Оның үстіне Астанаға да жақын ауылым. мен сатып алайын Канбаевты… Аукцион бойынша жоғары төлеген мен алуым керек.

  7. 7 арна тілшісі Жасынды шошқа баққызуға 40 мыңға сатып алсам деген мен едім, атымды жазуды ұмытып кетіппін. Ендігі аукцион қашан болатынын 7 арнадан білуге бола ма екен…

  8. Мен бір шошқа баққызуға жас жігіттер таппай жүр едім 7 арна тілшісі Жасын Канбаевты Анардың төлеген ақшасына 10 мың қосып, 40 мыңға сатып алсам болады екен ғой онда… аукцион емес пе…

  9. 7арна мен Жексенбай ханым және мазақ-шоудың авторлары халықтан кешірім сұрау керек. Әйтпесе, ұлтым деп жүретін Бибігүл отставкаға кетсін өзі сұранып.

  10. «Твори добро» деген тегі белгісіз бәленің ойы белгілі, ал өзіміздің үкіметтен қаржыландырылып отырған 7 арна мен оның басшысы Жексенбай Бибігүл қайда қарап отыр? Әлде оған қазақ жастары түгіл қазақты түгел сатып жіберсе де, бәрібір, мансабы сақталса болды ма?

  11. Қордың қорлығының – мұндай «қайырымдылығы» мен «добросының» атасына нәлет! Бір сөзбен айтқанда «Твори Добро» творил зло… Ал осы қорлауға «Жетінші арнаның» жетесіздік танытып желпілдей желігіп, алдына шығып алып шабуы – «Әндижанда бір әпкем бар, бұдан да өткен сорақы»-дегеннің керін келтіріп отыр. «Әндижандағы әпкеміз» «Жетінші арнаның» жетекшісі, белгілі қазақ тележурналисті Бибігүл Жексенбай неге мұндай масқараның экранға шығарылып, елге таратылуына жол беріп отыр?!.

Пікір жазу

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз