АН-72 ұшағының құлауын көрген адамдар болған оқиғаның мән-жайларын айтып берді. ВИДЕО

3
1071

24KZ телеарнасы: АН-72 ұшағының құлауын көрген адамдар болған оқиғаның мән-жайларын айтып берді.

– Оңтүстік Қазақстанда әуе апаты болды. Ішінде 27 адам отырған АН-72 әскери-көліктік ұшағы құлады.
Түні бойы әуе апатының орнында өрт сөндірушілер, құтқарушылар, полицейлер жұмыс істеді, деп хабарлайды 24KZ телеарнасы.

Қайғылы оқиға Шымкент әуежайынан 20 шақырым жерде орын алды. Шағын ғана Тассай ауылының тұрғындары әлі де үрей үстінде. Куәгерлердің айтуынша, ұшақ ауылдың үстімен өте төмен өткен, одан кейін қатты жарылыс болды. АН-72 цемент зауытының карьеріне құлады.

Диас ОЛЖАСОВ, куәгер: «Кешке дауыл болды. Шамамен кешкі сағат 7:30-да өте жарық болып, қатты жарылыс естілді. Біз оны отшашу деп ойладық. Шығып қарасақ, ұшақ құлапты. Мұнда жақын жерде ауылым орналасқан, өрт сөндіру бөлімі және май зауыттары бар».

Оқиға орнына жақын жерде жол және патрульдік полицияның күшейтілген бекеттері тұр. Олар ешкімді, соның ішінде журналистерді де өткізбеуде. Бірақ апат орны алыстан да көрініп, қорқыныш тудырады.

Ұшақтың ішінде Қазақстан Республикасы ҰҚК Шекара қызметі директорының уақытша міндетін атқарушы Тұрғанбек Стамбеков пен «Оңтүстік» шекара әскерлері бастығының міндетін уақытша атқарушы Павел Доценко, сондай-ақ «Қордай» және «Сарыағаш» шекара жасақтарының басшылары болғаны анықталды. 26 желтоқсан күні ұшақ Өзбекстан шекара қызметінің басшылығымен кездесу жоспарланған Ташкент қаласына ұшуы тиіс еді. Қайғылы оқиғаның себебі әзірше белгісіз.

ҚазАқпарат

3 ПІКІРЛЕР

  1. бұл қайғылы оқиғанының нақты себебін анықтау қажет!артында бір шикілік бар сияқты,БИЫЛ БІЗДІҢ шекарамызға не болды соншама;осыншама азамат қырылып қалатындай?Халыққа шындықты айту керек,ауа райынан ,АНАУ-мынау деген бос сөз,меніңше жалған ақпар.Сіз қалай ойлайсыз,халқым -ау!Жүрегім удай ашиды;

  2. Бұл орны толмас қайғы! Бұл күнді ұмытуға болмайды! Бейбіт күнде осыншама адам шейт болғаны үшін кім кінәлі! Әскери жүйеміз мақтанарлықтай мықты емес екенін мойындап, жемқорлықты жоймасақ, тағы да бола бермек. Құдай енді бұндай апатты бермесін!

  3. Хит тв мен муззон арналары азгындыкты ашык насихаттауга кошті…Мужчина ищет мужчину, парень ищет парня для интима,-деген смс-тер толып жур осы арналардын чарттарында..Олар педофилия мен гомосексуализмді козді бакырайтып койып ашык жарнамалап жатыр..Ен соракысы жымыскылыкпен осыган біртіндеп Казактын козін уйретуде. Оны коретін жастар кейін кошеде жігіт пен жігіттін кушактасып турганына тангалмайтын арі намыстанбайтын болады. Олар осы «Иммунитетті» бузуга жанталасуда. Арнада істейтіндердін барі аккулактар. Олар Еуропа мен Ресейді жайлаган азгындыкты енді Казакка тыкпалауда! Осыган токтау салу керек! Осыны 10 адамга жіберініз!!

Пікір жазу

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз