Аслан МУСИН: Р.Әлиевпен ешқандай байланысым болуы мүмкін емес. Мен Ұлы адамның мүдделес серігі болып қала беремін

 

Көптен бері «анда кетті, мында кетті» деп сан-саққа жүгіртіліп жүрген Аслан Мусин Guljan ozg сайтына тікелей жауап берді.  
- Мен біздің мемлекетіміздің негізін қалаушы және құрушы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтай Ұлы адамның мүдделес серігі болып қала беремін және оның маған сеніп тапсырған кез келген қызметін атқаруға әзірмін. «Президент Әкімшілігі жетекшісі қызметінен өз ер­кіңізбен кеттіңіз бе, жоқ амалсыз кеттіңіз бе?» деген сұрақ­қа Аслан Есболайұлы былай деп жауап берген. «Жетекші болып 4 жыл істедім...Күн-түн демей, демалыс­сыз жан са­лып жұмыс істеуге тура келді. Сондықтан да мен Пре­зидентке басқа жұмысқа ауыстыру туралы өтініш бердім». «Шетелден сізді қорғаған және Президент Назарбаевқа қарсы оппоненттер жағына өтуге шақырған Қазақстан Республикасының Австриядағы бұрынғы елшісі Рахат Әлиевтің сөздеріне қандай түсініктеме бересіз?» - деген ши жүгіртер сұраққа Мусин: - Р.Әлиев қазақстандық сот арқылы сотталған және айыпты деп танылған. Әлиевпен менің ешқандай байланысым болған жоқ, болуы мүлдем мүмкін емес, - деп нақты жауап беріпті.

Айқын

*Тақырып өзгертілді