Аслан МУСИН: Р.Әлиевпен ешқандай байланысым болуы мүмкін емес. Мен Ұлы адамның мүдделес серігі болып қала беремін
2012 ж. 05 қараша
1528
3
- Мен біздің мемлекетіміздің негізін қалаушы және құрушы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтай Ұлы адамның мүдделес серігі болып қала беремін және оның маған сеніп тапсырған кез келген қызметін атқаруға әзірмін.
«Президент Әкімшілігі жетекшісі қызметінен өз еркіңізбен кеттіңіз бе, жоқ амалсыз кеттіңіз бе?» деген сұраққа Аслан Есболайұлы былай деп жауап берген. «Жетекші болып 4 жыл істедім...Күн-түн демей, демалыссыз жан салып жұмыс істеуге тура келді. Сондықтан да мен Президентке басқа жұмысқа ауыстыру туралы өтініш бердім».
«Шетелден сізді қорғаған және Президент Назарбаевқа қарсы оппоненттер жағына өтуге шақырған Қазақстан Республикасының Австриядағы бұрынғы елшісі Рахат Әлиевтің сөздеріне қандай түсініктеме бересіз?» - деген ши жүгіртер сұраққа Мусин:
- Р.Әлиев қазақстандық сот арқылы сотталған және айыпты деп танылған. Әлиевпен менің ешқандай байланысым болған жоқ, болуы мүлдем мүмкін емес, - деп нақты жауап беріпті.
Айқын
*Тақырып өзгертілді